Қасқырқақпан

«Қасқырқақпан» — ежелгі халық ойындарының бірі. Ойын жазық көгалды алаңда, мектеп ауласында, спорт, мәдениет үйлерінің кең залдарында өткізіледі. Ойнаушылар ойын болатын жерге жиылады да, екі топқа бөлінеді. Үлкен тобы —«Қақпан», кіші тобы — «Қасқырлар». Ойынға басқарушы тағайындалады. Басқарушы ойнаушылардың арасынан дауығы ашық, тақпақты жақсы білетін біреуіне бастауды міндеттейді, қалғандары оған қосылады.

Қасқыр түссе қақпанға,

Ұстамасқа бола ма.
Қол ұстасып тұрайық,
Қасқырқақпан құрайық.
Біздің қақпан болаттай.
Қасқырды тұр жолатпай,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр,

Қақпан, қақпан берік бол.

Ойынға қатынасушылар әбден бір-бірімен қол ұстасып, дөңгеленіп, шеңбер құрып тұрып болғанша:

Кәне, кәне, тұрайық,
Қасқырқақпан құрайық

— деген өлең жолдарын қайталап айта береді. Сонан соң өлеңнің соңғы шумағы:

Кәне, қақпан, берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр!

— деген жолдарды айтып болысымен, «қақпан» болып тұрғандар бір-бірінің ұстаған қолдарын жоғары көтереді. Ал «қасқыр» тобындағылар арғы беттегі «қораға» көтерілген қолдардың астымен жүгіріп өтіп кетуге тырысады.

Қасқырлар осылай өтіп жатқан кезде бастаушының «а-ап!» деген белгісімен көтерілген қолдар төмен түсіріледі. Ойнаушылар жүрелерінен отыра қалады. Сөйтіп «қақпан» жабылады. Іште қалғантдар «қақпан» тобына қосылады да, «қасқырлар» азая береді. Ойын қайталанып жалғаса береді. Ойынға қатынасушылар кезектесіп орын ауыстырып отырады. [1]

Тағы қараңыз

Дереккөздер

  1. Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!