Даусынан біл

«Даусынан біл» — ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар тегіс алаңға немесе мекте ауласына жиналады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Орталарынан бір баланы қаламақ арқылы бөліп көзін байлайды да топтан шығарып, қалғандары қол ұстасып шеңбер бойымен, айнала жүріп, өлең айтады. Екінші топтан бір бала шығып, көзін байлаған баланың қарсы алдына келіп айтылған өлеңнің бір сөйлемін, не бір сөзін айтады. Көзін байлаған бала қасындағы баланы таныса, оның көзін байлап, өз орнына тастап кетеді. Кім екенін білмесе, ойын сол күйінде ойнала береді.

Осы ойынды басқаша ойнауға да болады. Көзін байлаған баланың қолына бір таяқ беріп, қалғандары айнала жүгіреді. Көзі байлаулы бала қол ұстасып айнала жүргендерге «Тоқта» дегенде өзгелері тоқтай қалады. Сөйтіп, ол айнала тұрғандардың бірін таяқпен ақырын түртеді... Түрткен қалпында «ду-ду» деп дыбыс береді. Таяқ тиіп тұрған бала «ми, ми» деп жауап қайтарады. Жауап қайтарған кім екенін тани алмаса, көзін байлаған бала сол қалпында қалып қояды. Қашан тапңанда барып орын алмастырады. Таба алмаса, қарсы топқа бір ұпай, тапса, өз тобына бір ұпай қосылып отырады. Қай жақ-көп үпай жинаса, сол жақ ұтады. Ойын сезімталдыққа, сергектік, алғырлыққа баулып, ойда ұстау қабілетін дамытады. [1]

Тағы қараңыз

Дереккөздер

  1. Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!