Бес тас (ойын)

«Бестас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған деп болжанады. Бұл ойынды кезінде жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнаған екен. Ойынға керекті зат бес кішкентей домалақ тас, немесе кейде бес асық болып келеді.[1]

Қазақ ұлттық ойындарында "асық ату", "сақина салмақ", "тоғызқұмалақ", "алты бақан", "ақсүйек", "Ләңгі", "Ақ сандық, көк сандық" және "көкпар" қатарлылармен тең тұратын бұл ойынның тарихы да өте ежелгі дәуірлерге барып тірелетіні анық.

Махмұд Қашқаридың «Түркі тілдері сөздігі» еңбегінде бестас ойыны туралы мағлұмат кездеседі. Бұл мағлұматтар арқылы «бестас» ойынының сақ-ғұндардан бері келе жатқан ойын екеніне көз жеткізуге болады. Ойыншыны жылдамдыққа, қағылездікке, тез шешім қабылдауға үйрететін, тарихы сонау ежелден басталатын таспен ойналатын ойынның «бестас» аталу себебі ойында бес тастың пайдаланылуымен байланысты.

Ойын «балта шабу», «тоқылдақ», «тарақтау», «құдыққа салу», «қуалау», «кедергі» сияқты көп кезеңнен тұрады. «Кедергі» аталатын кезеңге ойынды әбден меңгерген, епті, қағылездер ғана өте алған.

Ойын түрлері «үштік», «төрттік» деп аталады. Одан кейін «жалау» деген түрі, «нәби» сынды бірнеше кезеңі бар. Мысалы, «жалау» ойынында төрт тасты жерге тастап, қолдағы қақпа тасты алып, оң қолыңызбен жерге 3 не 5 рет жалатуыңыз керек. Сонда сіз осы кезеңнен өткен болып есептелесіз. 3 не 5 рет жалату ойын басында ойыншылардың өзара ақылдасуына, келісуіне байланысты. Осылайша бестас ойынының кезеңдері, тәртіптері, түрлері жалғаса береді.

Ойын барысы

Әр ойын өзіндік ережесімен ерекше. Бекітілген ережелері – ойынның қаңқасы іспетті. Ойынға әбден машықтанған адам мен қолына алғаш тас ұстаған ойыншыны ажырату оңай. Ал адамзат баласы еңбек құралдары есебінде тас, ағаш, сүйектерді қолданып жүргенде пайда болып, қалыптасқан бестас ойынын ойнаудың өз ережелері бар.

Кез-келген ойын белгілі бір ережеге, тәртіпке бағынатыны анық. Бестас ойынын да ата-бабаларымыз сондай бір керемет ережелермен бекіткен. Яғни бірінші қатысатын адам саны анықталады. Ойынға қатысатын адам санына шектеу шоқ. Кемінде екі адамнан басталады. Ойынға қатынасушылар дөңгелене отырады. Ойнау үшін қолға епті, ұстауға ыңғайлы тастар таңдалып алынады. Көбінесе қойдың құмалағынан үлкенірек домалақ бес тас таңдалады. Кейде асықтармен ойнау да кездеседі.

Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын шешу үшін ойынға қатынасушылар кезектесіп бес тасты алақандарына салады да, жоғары серпіп жіберіп, алақандарының сыртымен тосып алады да, қайта серпіп жіберіп, ендігі кезекте қолды серпе қаршып алады. Ең көп қағып алған ойыншы бірінші кезек алады да, қалғандары да сол ретпен кезекке тұрады.

Бұл ойынның бірқанша кезеңдері бар, сол бойынша жарысады.

Бірінші тәсіл: Ойыншы бес тасты еденге шашырата тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары серпіп жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгерді. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң үшінші, төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады.

Екінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастап ішінен өзіне қолайлы бір тасты алады да, жоғарыдағы тәсілмен жерде жатқан тастарды екі-екіден жиып алады.

Үшінші тәсіл: Еденге бес тасты шаша тастайтайды да, ішінен біреуін алып, жоғары лақтырып, алдымен біреуін іліп а.лып, лақтырған тасын тосып алады, сонан соң жерде жатқан үш тасты сол тәсілмен бірден жиып алуы керек.

Төртінші тәсіл: Бес тасты қолына алады да, біреуін жоғары серпіп жіберіп, қолындағы төрт тасты жерге койып, жоғары серпіген тасын қағып алады. Сонан соң ол тасты жоғары қарай қайта лақтырып, жерге қойған төрт тасты жинап алып, жоғары лақтырған тасты қоса қағып алады.

Бесінші тәсіл: Бес тасты уысына алып, бірін жоғары қарай серпіп жібереді де, тасты алақанына қыса ұстап, шынашағымен еденді үш, не бес рет (ойыншылардың алдын ала келісімі бойынша) сипап өтіп (жалап өтіп деп те айтады) лақтырған тасын қағып алады.

Алтыншы тәсіл: Төрт тасты бұрышқа (төрт) орналастырып (мөлшерін алдын ала келіседі), бір тасты жоғары серпе тастайды да, төрт тасты жедел теріп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгереді.

Жетінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастайды да, арасынан бір тасты алып, оны жоғары серпіп жібереді де, жердегі тастарды жиып алып, лақтырған тасын қайта қағып алады. Сонан соң оны сол қолына салады да, жоғары серпе лақтырып, жерге түсірмей, қайта қағып алады.

Сегізінші тәсіл: Тастарды еденге тастайды да, арасынан біреуін алып жоғары лақтыра отырып, жерде жатқан тастарды бір-бірлеп алақанына жинай береді. Осы тәсілмен жерден тасты (төрт) жиып алады.

Тоғызыншы тәсіл: Бірінші тәсілдегі қайталанады. Бірақ тастарды қағып алған кезде тастар бір-біріне тимеу керек.

Оныншы тәсіл: Бірінші тәсіл қайталанады. Бірақ жерден іліп алған тасңа жоғарыдан қағып алған тас дәл тиюі керек.

Он бірінші тәсіл: Сол қолының бас бармағы мен (сұқ қолын ортан қолының үстіне айқастыра ұстап) ортан қолын жерге тіреп тұрып, оң қолымен сол қолының астына әкеліп сыртынан асыра бес тасты алдыға қарай тастайды да, ішінен бір тасты «ата» деп белгілейді. Оны «Нәби» деп атайды. «Нәбиді» (атаны) белгілейтін отырған ойыншылар. Ол иілген қолдың астына өткізуге қиын бір тас болады. He тас өткізетін жерге тақау, не ең алыс түскен тас болады. Ойыншы жерде жатқан «Нәбиден» басңа тастардың бірін алып, оны жоғары серпе тастап отырып, барлык, тастарды біртіндеп иілген қолдардың астынан өткізеді де, ең соңында «Нәбиді» өткізеді. Жоғары лақтырып отырған тасын жерге түсірмеумен бірге «Нәби» сайлаған тасңа да басқа тастарды тигізуге болмайды.

Барлық тәсілдерді мүлтіксіз өткізген ойыншы өзіне жазылатын ұпайды екі жолмен белгілейді.

Бірінші жол: бес тасты уысына алады да, жоғары лақтырып, алақанымен қағып алады. Сонан соң оны екінші рет лақтырып, қолының сыртымен қағып алуы керек. Әр тас он ұпайдан есептеледі. Бес тас елу ұпай болады.

Екінші жол: Бес тасты жоғары лақтырады да, жоғарыдан төмен қарай қақшып, қағып алады. Мұнда да бір тас он ұпай деп белгіленеді. Бес тасты түгел қағып алса, елу ұпай алады.

Әр тәсілді орындаған кезде қойылатын шартты бұзған ойыншы кезегін келесі ойыншыға береді де, өзіне қайта кезек келгенше көруші болып отырады. Қайта кезек алған кезде, қай тәсілден қателік жіберсе, сол тәсілден бастап ойнайды. [2]

Ойынның маңызы

Халқымыздың асыл мұрасында баланың физиологиялық тұрғыдан жетілуіне ғана емес, қағылез, епті, алғыр болуына себін тигізетін ойындар баршылық. Өз кезегінде ол дана бабамыздың балаға, оның тәрбиесіне бей-жай қарамағанын, баса назар аударғанын білдірсе керек. Ал бұл ұлттық тәрбие, ұлттық білімнің түп-тамыры біз ойлағаннан анағұрлым тереңде жатқан тәрізді.

Ойынның баланың жетілуіне, ой-санасының дамуына, ептілігіне қосар үлесі мол. Ол әсіресе баланың биологиялық дамуы үшін де аса пайдалы. Ол бұлшық еттерін ширатып, дамытып қана қоймай, қырағылыққа, тез шешім қабылдауға, санауға, топтауға үйретеді. Сонымен қатар көздің көруін жақсартып, көз жанарын жетілдіреді. Ойын адамды тыныштандырып, сабырлылыққа үйрететін қасиетке ие.

Бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген қазақ халқы әсіресе баланың ойынына мән беріп, бестас ойынына ерте баули бастаған. Бестас ойынында баланың саусақтарының қимылдауы арқылы адамның он екі мүшесіне қимыл жүреді. Сөйтіп, бала жылдамдыққа, ептілікке, дәл тигізуге, тез ойлауға машықтанады.

Көбіне үлкен кісілері нәби кезеңіне дейін біледі, бірақ кезінде бұл ойынның деңгейлерін одан да әрі ойнағаны байқалады. Оған дәлел – «қуалау», «үй үстіне үй тігу», «кедергі», «теріс айналдырып қағып алу» деген сынды ары қарай жалғасатын деңгейлері де бар. Мысалы, теріс айналдырып қағып алу дегеніміз – оң қолымен лақтырған тасты қолды айналдырып теріс қағып алу. Мұның өзі буын-буынның қозғалысына, денедегі он екі мүшеміздің қозғалуына, адамды ептілікке тәрбиелейтіндігіне дәлел болады.

Тағы қараңыз

Ұлттық ойындар

Дереккөздер

  1. https://stan.kz/kazaktyn-ulttyk-oyyny-bes-tasty-bil/
  2. Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3

Read other articles:

Coordenadas: 37° 09' N 38° 47' E ŞanlıurfaUrfa, Edessa, Urhai, Riha    Distrito (ilçe)   Localização Mapa dos distritos da província de ŞanlıurfaMapa dos distritos da província de Şanlıurfa ŞanlıurfaLocalização de Şanlıurfa na Turquia Coordenadas 37° 09' N 38° 47' E País Turquia Região Sudeste da Anatólia Província Şanlıurfa Administração Governador (kaymakam) Celalettın Güvenç [1] Prefeito (belediye başkanı) Ahmet Eş...

 

Para la cantata de Johann Sebastian Bach, véase Gloria in excelsis Deo, BWV 191. Gloria in excelsis Deo Gloria No. 5 ¿Problemas al reproducir este archivo? Gloria in excelsis Deo, llamado también doxología mayor, es un himno litúrgico, habitualmente cantado en forma silábica o semisilábica, que forma parte de las piezas obligatorias del ordinario de la misa, tanto en las liturgias de la Iglesia católica como Iglesia ortodoxa. El Gloria es un himno cristiano antiquísimo y venerable co...

 

American rock group Yo La TengoYo La Tengo performing in 2010. From left to right: McNew, Hubley, and KaplanBackground informationOriginHoboken, New Jersey, U.S.Genres Indie rock noise pop[1] experimental rock[2] shoegazing[3] Years active1984–presentLabels Matador Bar/None City Slang Alias Arts & Crafts México Three Lobed Recordings MembersGeorgia HubleyIra KaplanJames McNewPast membersDave SchrammMike LewisDave RickStephan WichnewskiWebsitewww.YoLaTengo.com Yo...

28°17′03″N 068°26′58″E / 28.28417°N 68.44944°E / 28.28417; 68.44944 AirportJacobabad Air BaseLogo of PAF Base ShahbazIATA: JAGICAO: OPJASummaryAirport typeMilitary / PublicOwnerPAFOperatorPakistan Air Force (PAF)ServesJacobabad, Sindh, PakistanOccupantsPakistan Air Force No. 2 Squadron Minhasians No. 5 Squadron Falcons No. 11 Squadron Arrows No. 88 Squadron Rams Elevation AMSL185 ft / 56 mRunways Direction Length Surface m ft 15/33 3,060 10,0...

 

World Expo held in Milan, Italy Milan Expo redirects here. For the 1906 Expo, see Milan International (1906). This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Expo 2015 – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (November 2015) (Learn how and when to remove this template message) You can help expand this a...

 

Moroccan-French footballer (born 2003) Yaniv Edery Edery playing for Marcet Football University in 2019Personal informationDate of birth (2003-06-23) 23 June 2003 (age 20)Place of birth Marseille, FranceHeight 1.80 m (5 ft 11 in)Position(s) DefenderTeam informationCurrent team S.U. SintrenseNumber 28Youth career2018–2019 Hapoel Ra'anana2019–2020 Marcet Football University2020–2021 Hapoel Ramat GanSenior career*Years Team Apps (Gls)2021 Club Deportivo Estepona 0 (0)20...

This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Għana folk music – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (December 2016) (Learn how and when to remove this template message) Għana (/ˈɑːnə/ AH-nə) is a type of traditional Maltese folk music. Għana has two literal meanings. The first is rich...

 

Retrato con un alcotán europeo (Falco subbuteo). Wolf es el autor de más de 240 ilustraciones para las Proceedings de la Sociedad Zoológica de Londres. Joseph Wolf (Mörz, 22 de enero de 1820[1]​-Londres, 20 de abril de 1899) fue un artista alemán especializado en ilustración de historia natural. Se trasladó al Museo Británico en 1848 y se convirtió en el ilustrador preferido de exploradores y naturalistas como David Livingstone, Alfred Russel Wallace y Henry Walter Bates. Wolf ...

 

Professional basketball club in Madrid, Spain For the football team, see Real Madrid CF. This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Real Madrid Baloncesto – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (May 2021) (Learn how and when to remove this template message) Real Madrid 2023–24 Real Madrid Balon...

Legislatura de la Provincia de Río Negro Información generalÁmbito  Río NegroTipo UnicameralLiderazgoPresidente Alejandro Palmieri (JSRN) Vicepresidente 1° Julia Elena Fernández (JSRN) Vicepresidente 2° Humberto Alejandro Marinao (FdT) ComposiciónMiembros 46 legisladoresDuración 4 años Grupos representados Gobierno (28)   28   Juntos Somos Río Negro Oposición (18)   10   Frente de Todos    4 ...

 

This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Ministry of Foreign Affairs Romania – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (January 2022) (Learn how and when to remove this template message) Ministry of Foreign AffairsCoat of arms of the Romanian Ministry of Foreign AffairsIncumbentLuminița Odob...

 

Military ballistic protection This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Ranger Body Armor – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (June 2015) (Learn how and when to remove this template message) Front and rear view of the Ranger Body Armor (RBA) made by Protective Materials Company in October 200...

Liberbank Liberbank, S. A. Oficina de LiberbankTipo BancoSímbolo bursátil BME: LBKISIN ES0168675090Industria Finanzas y segurosFundación 2011Disolución 2021Sede central Camino Fuente de la Mora, 5, 28050 Madrid, España EspañaPresidente Pedro Manuel Rivero Torre[1]​Consejero Delegado Manuel Menéndez Menéndez[1]​Productos Servicios financierosBeneficio neto 40,8 millones de euros (2020)[2]​Activos 46.654 millones de euros (2021 2T)[3]​Empleados 3.736 (2...

 

NetLink redirects here. For the Linux program, see Netlink. The Sega Net Link Sega Net Link (also called Sega Saturn Net Link) is an attachment for the Sega Saturn game console to provide Saturn users with internet access and access to email through their console. The unit was released in October 1996.[1] The Sega Net Link fit into the Sega Saturn cartridge port and consisted of a 28.8 kbit/s modem, a custom chip to allow it to interface with the Saturn, and a browser developed by Pla...

 

Enciclopedia Italiana di Scienze, Lettere e Arti TreccaniNegaraItaliaBahasaItaliaGenreEnsiklopediaPenerbitTreccaniTanggal terbitTerbitan pertama dirangkai dari tahun 1929 hingga 1936Jenis mediaCetakSitus webwww.treccani.it Bagian dari serial tentangBahasa Italia Dialek Toskano Ragam dialek Italia Accademia della Crusca Enciclopedia Italiana Sejarah Veronese Riddle Placiti Cassinesi Sicilian School Dolce Stil Novo la Commedia Accademia degli Arcadi Italian Purisme Ultime lettere di J...

محافظة جنين     الإحداثيات 32°28′N 35°18′E / 32.46°N 35.3°E / 32.46; 35.3  [1] تقسيم إداري  البلد دولة فلسطين[2]  التقسيم الأعلى الضفة الغربية  العاصمة جنين  خصائص جغرافية  المساحة 583 كيلومتر مربع[3]  عدد السكان  عدد السكان 256619 (2007)[4]  ال...

 

杉田駅 駅舎(2022年5月) すぎた Sugita ◄本宮 (5.9 km) (3.7 km) 二本松► 所在地 福島県二本松市杉田町一丁目128北緯37度33分47.8秒 東経140度24分49.1秒 / 北緯37.563278度 東経140.413639度 / 37.563278; 140.413639座標: 北緯37度33分47.8秒 東経140度24分49.1秒 / 北緯37.563278度 東経140.413639度 / 37.563278; 140.413639所属事業者 東日本旅客鉄道(JR東日本...

 

Celon Kommun Land  Frankrike Region Centre-Val de Loire Departement Indre Arrondissement Châteauroux Kanton Argenton-sur-Creuse Koordinater 46°31′N 1°30′Ö / 46.517°N 1.500°Ö / 46.517; 1.500 Yta 17,04 km²[1] Folkmängd 389 (2021-01-01)[2] Befolkningstäthet 23 invånare/km² Postnummer 36200 INSEE 36033 Geonames 6613481 OSM-karta 410423 Kommunens läge i regionen Centre-Val de Loire i Frankrike Kommunens läge i regionen Centre-Val de Lo...

Cet article est une ébauche concernant la montagne. Vous pouvez partager vos connaissances en l’améliorant (comment ?) selon les recommandations des projets correspondants. Serranía de Perijá Serranía de Perijá Localisation de la Serranía de Perijá en Colombie. Géographie Altitude 3 630 m, Cerro de Las Tetas Massif Cordillère Orientale (Andes) Administration Pays Colombie Venezuela modifier  La serranía de Perijá est la plus septentrionale branche de la cord...

 

У Вікіпедії є статті про інші значення цього терміна: Афект. Частина серії статей проЕмоції Афект Класифікація У тварин Емоційний інтелект Настрій Регуляція Міжособистісне Дисрегуляція Валентність Емоції Апатія Бажання Вдячність Веселість Відраза Відчай Віра Ворожіс...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!