Қарагие

«Қарагие» — ұлттық ойын.

Бұл ойын көгалда, спорт алаңдарында өтеді. Ойынға тек ер балалар қатынасады. Олардың саны 3—8 адамға дейін, одан да көп болуы мүмкін. Әр ойыншының қолында қайың, ырғай, тал секілді қатты ағаштан жасалған үшы істік тәріздес ұзындығы 3—4 метр найза таяқ болады. Сонымен бірге әр ойыншының қолында бір-бір кіші таяқшалар және ескі малақай немесе түрлі түсті қапшық болуы керек. Ойынға қатынасушылар қатарласып сапқа тұрады. Олардың қарсы алдынан 15—20 метр қашықтықта көлденең сызық сызылады да, сол сызықтың бойымен әр ойыншының қарсы алдына таяқтар шаншылып, оларға малақайлар немесе басқа заттар ілінеді.

Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша оң жақтағы ойыншы өзінің қолындағы найза таяғын сол малаңай-мишенге лақтырады. Оның артынан басқалары да кезектесіп лақтырады. Ойын үш рет қайталанады. Үш ретінде де мишенге дәл тигізген ойыншы жеңіске жетеді. Тигізе алмағандар ойыннан шығады. Ойын қатысушыларды дәлдікке үйретеді, қол күшінің дамуына септігін тигізеді.[1]

Тағы қараңыз

Дереккөздер

  1. Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!