Қайрат Қыдырбайұлы Ищанов

Қайрат Қыдырбайұлы Ищанов
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты
Ту
Ту
2005 — 2017
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Өмірбаяны
Партиясы КОКП (1972—1991)
Аманат (1999—2022)
Білімі Қазақ политехникалық институты
Мамандығы инженер-механик
Дүниеге келуі 28 қыркүйек 1950 (1950-09-28)
Гурьев, Қазақ КСР, КСРО
Қайтыс болуы 24 қараша 2022 (2022-11-24) (72 жас)
Атырау, Қазақстан
Марапаттары
Барыс ордені
Барыс ордені
2 дәрежелі Барыс орденінің иегерлері
Құрмет ордені
Құрмет ордені
Достастық ордені

Қайрат Қыдырбайұлы Ищанов (28 қыркүйек 1950, Гурьев, Қазақ КСР — 24 қараша 2022, Атырау, Қазақстан) — қазақстандық саяси және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2005–2017).

1950 жылы 28 қыркүйекте Гурьев қаласында туған. Қазақ.

Анасы — Хабибуллина Жұмазия (1918 жылы туған), зейнеткер, ұжымшарда жұмыс істеген.

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген (1980), инженер-механик.

КОКП (1972-1991), «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1968 жылдан — «Қызылбалық» ұжымшарының балықшысы. 1970 жылдан — Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1972 жылдан — «Қызылбалық» ұжымшарының кеме механигі, 1978 жылдан — инженер-құрылысшысы. 1983 жылдан — Қазақстан Компартиясы Гурьев облысы Балықшы аудандық комитетінің үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы. 1984 жылдан — «Қызылбалық» ұжымшарының бас инженері. 1986 жылдан — Құрманғазы атындағы ұжымшар басқармасының төрағасы. 1988 жылдан — Қазанның 70 жылдығы ұжымшары басқармасының төрағасы. 1990 жылдан — «Қызылбалық» ұжымшары басқармасының төрағасы, Балықшы аудандық атқару комитетінің төрағасы, Халық аудандық депутаттары Кеңесі төрағасының орынбасары. 1991 жылдан — Балықшы аудандық Халық депутаттары Кеңесінің ат қару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1992 жылдан — Балықшы аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1994 жылдан — Жамбыл атындағы ұжымша р бас қармасының төрағасы. 1997 жылдан — Жамбыл атындағы өндірістік кооператив басқармасының төрағасы. 1999 жылдан — облыстық мәслихаттың хатшысы. 2000 жылдан — Жамбыл атындағы өндірістік кооператив басқармасының терағасы. 2001 жылдан — Атырау облысы әкімінің орынбасары.

2005 жылдан бері — ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы.

Облыстық Халық депутаттары кеңесінің, облыстық мәслихатының депутаты (1991-2001).

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы.

«Құрмет» орденімен (2005), 3 медальмен марапатталған.

Әскери атағы — запастағы майор.

Діни көзқарасы — «Дінге сыйласымдықпен қараймын».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы — Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Жоғары дамыған, өркениетті, құқықтық мемлекет».

Хоббиі — спорт, балық аулау.

Сүйіп оқитын әдебиеті — М. Мақатаев, А. Құнанбаев, А.С. Пушкин.

Үйленген. Жұбайы — Қуанова Жұпар (1954 жылы туған). Қызы — Ажаргүл (1976 жылы туған); ұлдары — Рүстем (1978 жылы туған), Серік (1989 жылы туған).[1]

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!