Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова (1975 жылы 10 тамызда туған) - Қазақстан журналисті, Шымкент қаласынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты (2019 жылдан бері).
Өмірбаяны
Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Журналист.[1]
«Оңтүстік Қазақстан» газеті саясат бөлімінің меңгерушісі, «Шымкент Медиа» МКК бас редактордың орынбасары, директор - бас редакторы, «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директор - бас редакторы болып қызмет атқарды.[1]
2019 жылы Айгүл Қапбарова Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттығына сайланды.[2]
Дереккөздер