Сейвал (лат. Balaenoptera borealis) – Balaenopteridae тұқымдасының киты, мұртты киттердің ішінде үлкендігі жағынан үшінші орын алады.
Сей китінің ұзындығы 14-15 метр, салмағы шамамен 20 тонна. Антрактида мұхитында тіршілік ететін мұндай киттердің ұзындығы 21 метрге дейін жетеді, ал салмағы 30 тоннаға дейін тартады. Басының көлемі, жүзбеқанаты китке қарағанда кішірек және көк китке қарағанда дөңестеу болып келеді. Басқа киттерден ерекшелігі оның тұмсығы мен кеуде жүзбеқанатының бір-біріне жақын орналасқандығында. Жүзбеқанаттары үлкен емес, кеудесінде 50 шақты ойығы мен ақшыл, бозғылт мұртшасы бар.
Суық және субтропиктік аймақтардан басқа, барлық мұхиттар мен теңіздерде тіршілік етеді. Жаз айларында субполярлық аймақта тіршілік етуге бейімделген.
Өмір сүру ұзақтығын денесіндегі қабаттары арқылы білуге болады. Олар шамамен 65 жыл өмір сүреді. Киттәрізділердің ішіндегі ең жылдам жүзгіш кит болып есептелді. Сағатына 50 шақырымға дейін жүзеді. Әдетте жалғыз немесе 2-5 кит болып жүреді, көбінесе қорегін табу мақсатында топтасып тіршілік етеді. Аналық кит бір ғана ұрпақты өмірге алып келеді. Ұрпағы анасымен 6-9 ай бірге жүреді. Сей киттер 2-3 жылда бір рет ұрпақ алып келеді[2]. Олардың денесінің төрттен бір бөлігін үлкен бастары иемденеді. Жұптасып та, жеке де жүзе береді. Олар қаракөз шаяндармен қоректенеді. Шаяндар көп жерлерде ондап топтанып жүреді. Аналықтары бойы 4,5 метр болатын бір баладан босанады. Анасының сүтімен қоректенетін балақанның бойы жарты жылда 9 метрге дейін өседі.[3]