Калифорния киті терісінің сұр түсті болуына байланысты "сұр кит" деп аталады.
Әдетте бұл киттің терісін аппақ дақтар басып жатады. Себебі оның денесіне әрдайым түрлі майды шаяндар, бит сияқты паразиттер жабысып алады. Сұр кит- сына тәрізді тұмсығы бар, сүйір денелі кит.
Әдетте сұр кит 2-6 метр тереңдікте жүзеді, алайда қауіпті сезген уақытты 10-11 метр тереңдікке түсіп кетеді. туған кезде киттің ұзындығы 3,6-5,5 метр болады. Ал ересек сұр киттің ұзындығы 14 метрден асады. Салмағы шамамен 15-35 тоннаны құрайды. Олар 5-11 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Сұр китті кейде балықшылар "шайтанбалық" деп те атайды. Себебі, ол өзінің торға түсіп қалғанын сезсе, түрлі айла-тәсілмен құтылуға тырысады екен.
Сұр киттің екі дем тесігі бар. Оның біреуі - үлкен, біреуі - кішкентай.
Сипаты
Олардың арқа жүзбеқанаттары болмайды. Олардың орнына бірнеше арқа буындары болады. Сұр киттер де тіссіз киттерге жатады. Сұр киттер судан сүзіп алатын көптеген мөлшердегі планктондармен қоса теңіз түбіндегі шаян тәрізділермен де қоректенеді.