Төрт тісті киттер — тісті киттер ішіндегі бір туысы. 3 түрі белгілі.
Оңтүстік төрт тісті китін алғаш рет Жорж Луи Дювернуа 1851 жылы сипаттап көрсеткен. Киттің бассүйегін Жаңа Зеландиядан Францияға жеткізген адмирал Огюст Берардың есімімен (фр. Auguste Berard) киттер туысын атаса, бассүйекті тапқан дәрігер Морис Арнудың есімімен (Maurice Arnoux) кит түрін атады: Berardius arnuxii.
Солтүстік төрт тісті китін 1883 жылы Леонард Штейнегер сипаттап берген. Жаңа түрді ол америкалық натуралисттің есімімен атады: Berardius bairdii. Өмір ұзақтығы 84 жылға дейін барады[1]
Бұл екі кит түрінің мекен ету орталары еш қиылыспайды. Арну киті Оңтүстік мұхитін мекендесе, Байрд киті Тынық мұхитінің солтүстік бөлігінде және Жапон теңізінде кездеседі.
2019 жылы Berardius minimus деген тағы бір түрі бар екені анықталды. Ол Жапон мен Охота теңіздерінде кездеседі.[2]
Төрт тісті киттердің өлшемдері ересек адаммен салыстырғанда:
Дереккөздер