Өзен дельфиндері – тісті киттердің полифилетикалық тобы, тұщы суда мекендейтін сүтқоректілердің алты–жеті түрін қамтиды. Олар Амазон, Ориноко, Ганг өзендері мен Қытайдағы Дунтинху көлінде кездеседі. Қазір дельфиндерді мұхитариумдарда, дельфинариумдарда қолдан өсіріп, түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Дельфиннің кейбір түрінің Жапонияда, АҚШ-та, Соломон аралында кәсіптік маңызы бар. Олардың табиғатта санының азаюына байланысты 1966 жылдан аулауға тыйым салынған. Мысалы, Калифорния теңіз доңызы деген түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.
Галерея