Арну киті

Арну киті

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Киттәрізділер
Тұқымдасы: Тұмсықбетті киттер
Тегі: Berardius
Түрі: B. arnuxii
Екі-есімді атауы
Berardius arnuxii
Duvernoy, 1851

Арну киті немесе оңтүстік төрт тісті китікиттәрізділер отрядына жататын сүтқоректі. Олардың ұзындығы 9 метрге жуық. Ол тұмсықты Байрд китіне ұқсағанымен денесі одан анағұрлым кіші. Денесі қоңыр-сұр, ал басы мен екі бүйірі ақшыл түсті болып келеді. Денесінде аппақ дақтары бар. Басы кішкентай, ал тұмсығы жіңішке, тістері аузы жабық тұрғанның өзінде көрініп тұрады. Аналықтары аталықтарына қарағанда ұзынша болып келеді. Тұмсықты Арну киті топтасып тіршілік етеді. Олардың бір үйірінде 6-10 кит болады. Кейде тіпті одан да көп болуы мүмкін. Киттің осы түрін Тасман теңізінен, Оңтүстік Тынық мұхитында орналасқан Альбатрос Кордильера аралын және Жаңа Зеландиядан кездестіруге болады. Олар мұхит түбін тіршілік ететін балықтармен, жұмсақ денелі омыртқасыздармен қоректенеді. Тұмсықты Арну киті теңіз жағалауына жақын, таяз жерлерде тіршілік етеді. Бұл киттер жазда 34°С суық суда өмір сүрсе, қыста теңіз түбіне қарай кетеді. Ғалымдар олардың теңіздің 7000 метрлік тереңдігінде жүзіп жүргенін байқаған.[1]

Дереккөздер

  1. Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!