Нгунди (бонгили (нгири), панде, мбати, бамитаба, лобала)[1] — жалпы саны 215 мың адам болатын орталық Африкадағы халық. Негізгі қоныстанған елдері: Конго Демократиялық Республикасы 100 мың адам, Габон 70 мың адам, Орталық Африка Республикасы 25 мың адам, Конго Республикасы 20 мың адам.[2]
Тілі
Тілі - нгунди (нгири) тілі.[3]
Діні
Сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі наным-сенімдер.[4]
Кәсібі
Негізгі кәсіптері – қолмен атқарылатын егіншілік (маниок, ямс, тәтті картоп, таро, жержаңғақ), сонымен қатар терушілік, аңшылық және балық аулау. Ағаш кесу және майлы пальма плантацияларында жұмыс істейді.[5]
Өмір салты
Тұрғын үйлері тікбұрышты, өрілген қабырғалары және рафия пальмасы мен шөппен жабылған биік шатыры бар.
Киімдері Еуропалық үлгіде.
Негізгі тағамдары – көкөніс, балық.[6]
Дереккөздер