Маврлар (мавритания арабтары, бейдан) — Мавританияның негізхі халқы (2,7 млн адам; 2010, бағалау). Олар сондай-ақ Батыс Сахарада (400 мың адам), Марокконың оңтүстігінде (1 миллион адамға дейін), Малидің солтүстігінде (360 мың адам), Сенегалда (130 мың адам), Гамбияда (25 мың адам) тұрады.[1]
Тілі
Олар араб тілінің диалектісінде сөйлейді (хасания).[2]
Француз тілі де кең тараған.
Діні
Сенушілер – сүнниттік мұсылмандар.[3]
Тарихы
Қазіргі маврлардың ата-бабаларына гетулдар мен санхадждар кіретін берберлер жатады. Бұл тайпалар жиі қоныс аударды, бұл олардың Солтүстік-Батыс Африкаға таралуына ықпал етті. Олар соғысқұмар болғандықтан, бейбіт халықты оңай басып алды. Әскери жорықтар ұзақ уақыт бойы жалғасты және 11 ғасырда берберлерге Альморавид патшалығын құруға мүмкіндік берді. Ол жалпы исламданумен сипатталды, 14 ғасырда осында келген араб тайпаларының енуімен айтарлықтай күшейді.
Соның нәтижесінде аумақты толық арабтандыру орын алды.[4]
Кәсібі
Маврлар көшпелі мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысады. Сұраныспен жұмыс істейтін немесе өнімін саудаға шығаратын қолөнершілер касталары (маллемин, игауэн) қалыптасқан.
Өмір салты
Гриоттар (гауэн) мен қолөнершілердің (маллемин) жабық касталары бар. Туыстық есеп матрилиндікболып табылады. Некені ата-аналары атастырады, төлемге мал береді.
Үйлері тастан немесе саздан қаланады, қабырғалары бітеу және ішкі ауласы бар. Батыс Мавританияда үй қабырғасын бедерлі таспен қалау қалыптасқан.
Ер адамдары буфалы шалбар, сандалдар киеді, мойындарына терімен қапталған тұмар тағады, ал әйелдерінің киімдері басы мен денесін тұтастай жабатын мата, сондай-ақ олар әр түрлі әшекейлер тағады.[5]
Дереккөздер