УкраинаУкраина
Астана
10 аудан
Виталий Кличко
50°27′00″ с. е. 30°30′00″ ш. б. / 50.45000° с. е. 30.50000° ш. б. / 50.45000; 30.50000 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°27′00″ с. е. 30°30′00″ ш. б. / 50.45000° с. е. 30.50000° ш. б. / 50.45000; 30.50000 (G) (O) (Я)
V[1][2]—X ғасыр[3][4][5]
V ғасырдың басы — VI ғасырдың басы
826,35[6] немесе 847,66[7] км²
100—200 м
UTC+2, жазда UTC+3
2 967 360[8] немесе 3 703 100 адам (2019)
4481 адам/км²
Киев агломерациясы — 4 071 000
(2001 ж. санақ бойынша) украиндар — 82,2 %,орыстар — 13,1 %,еврейлер — 0,7 %,беларустар — 0,6 %,поляктар — 0,3 %
православтар, католиктер, протестанттар, мұсылмандар, иудейлер
киевтік, киевтіктер
+380 44
01000 — 06999
AA, КА / 11, 28
kmv.gov.ua (укр.)
Киев (укр. Київ [ˈkɪjiu̯]) — Украинаның астанасы және ең ірі қаласы, батыр-қала. Днепр өзенінің бойында орналасқан. Киев агломерациясының орталығы болып табылады. Киев – Украинаның жеке әкімдік-аймақтық бірлігі, елдің мәдени-басқару орталығы, сол сияқты Киев облысының әкімшілік орталығы. Украинаның орталық бөлігінің солтүстігіне қарай орналасқан. Тұрғындары жыл сайын орта есеппен алғанда 20 мың адамға тұрақты түрде өсіп келеді.[9] Киев – халқының есебі бойынша европадағы Мәскеу, Лондон, Санкт-Петербург, Берлин және Мадридтен кейін алтыншы орынды иемденген.
Киев поляндықтар, Киев Русінің, және Киев князьдігінің астанасы болған. 1917 жылғы қарашаның 7 мен 1918 жылдың 29 сәуірі аралығында және 1918 жылдың 14 желтоқсаны мен 1919 жылдың 5 ақпаны аралығында - Украина Халық Республикасының астанасы, 1918 жылдың 29 сәуірі мен 14 желтоқсаны аралығында – Украина Державасының (Ірі мемлекетінің) астанасы, 1919 жылдың 7 қыркүйегі мен 29 желтоқсаны аралығында - ОРҚК Киев әскери облысының орталығы, 1934 жылдың маусымынан 1991 жылдың 24 тамызына дейінгі уақыт аралығында УССР, 1991 жылдан бері – Украина астанасы.
Киев – елдің алдаңғы қатарлы саяси, әлеуметтік-экономикалық, көліктік және ғылыми орталығы. Киевте үкіметтің жалпымемлекеттік органы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шет мемлекеттер елшілігі, жалпымемлекеттік коммерциялық ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің, сол сияқты шетел серіктестерінің Украинада жұмыс істейтін өкілдігінің көпшілігінің штаб-пәтерлері бар.
Қаланың өзінің елтаңбасы мен туы бар. ІХ ғасырдан ХІІ ғасыр аралығында Киев Русінің орталығы ретіндегі тарихи өзіндік мәнінің күшімен де қаланы қазіргі уақытта да «Орыс қалаларының анасы» деп атайды.
Киев Украинаның солтүстік бөлігінде, орманды дала аймағы мен аралас орман аймағының шекарасында, Днепрдің орта ағысында (Десна сағасынан төмен), оның екі жағалауында орналасқан. Киев рельефі жазық пішінге ие: сол жағалауда – Днепр ойпаты, оң жағалауда солтүстік бөлігінде – Полесье ойпаты, оңтүстік бөлігінде – Днепр тауы.
Днепрдің жоғары оң жағалауы Днепр тауының сілемдерін алып жатыр. Бұл биіктік Киев үстірті деп аталады. Жер бедері кейде көтеріліп, жекелеген биіктіктер тізбегін құраса, кейде Днепр аңғарының деңгейіне дейін төмендейді. Днепрден жоғары ең биік нүктелер (106 метр) қаланың шығыс бөлігінде, Печерск ауданында орналасқан. Бұл жерден жер бедері бірте-бірте батысқа қарай, Либид өзенінің кең аңғарларына және Крещатик және Скоморох өзектеріне түседі. Содан кейін қайтадан Бату тауына көтеріледі. Рельефтің ең төменгі нүктелері Подолда орналасқан (өзен деңгейінен небәрі 4-8 м биіктікте). Днепр және оның салалары (Десна, Припять, Березина, Почайна, Глубочица, Киянка, Либед) Орта Днепр аймағы халқының экономикалық және саяси өмірінде ұзақ уақыт бойы үлкен рөл атқарды.[10]
Киевтің климаты қалыпты континенттік болып саналады, жазы жылы, қысы өте жұмсақ. Климаттың өзгеруіне байланысты ол теңіз климатына көбірек ұқсайды. Ең жоғары температура шілдеде, ең суық қаңтарда, орташа жылдық көрсеткіш +8,4°С.
Қыста суық ауа аңғарларға түсіп, өзендердегі температураны төмендетеді. Киевте ылғалдылық айтарлықтай жоғары (жылдық көрсеткіш 75% құрайды). Қыс 90-нан 120 күнге дейін созылады (қарашаның ортасы – наурыздың аяғы). Бірақ мұнда да климаттың өзгеру тенденциясы байқалады: қаңтарға дейін айтарлықтай жылы болуы мүмкін, ал суық ауа райы наурыздың басына дейін созылуы мүмкін.
Көктем – ең қысқа кезең, ол орта есеппен наурыздың ортасында басталып, мамырда аяқталады. Бұл кезеңде аяздар болуы мүмкін, олар әдетте айдың басында аяқталады - кейде олар ұзаққа созылуы мүмкін.
Жаз көбінесе мамырдың ортасында/соңында басталып, қыркүйектің ортасында аяқталады. Климаттың өзгеруіне байланысты жаз біртіндеп сәуірге қарай ауысады. Орташа алғанда, жазда температура +18 градустан төмен түспейді, көлеңкеде максималды көтерілу +40 дейін мүмкін. Жазда ылғалдылық жеткілікті (65% дейін). Күз мезгілі ауа температурасының 10 °С-тан төмен түсетін кезеңі болып саналады. Қыркүйектің аяғынан қазанның ортасына дейін ауа-райы айтарлықтай жылы және құрғақ, ал айдың екінші жартысы мен қараша-желтоқсанға қарай ылғалды, жаңбырлы, бұлтты және суық.[11]
Ескіден қалған бір сөздерде қаланың атауы Кия деген есімнен шығады дейді - аңызда айтылғандай, Киев негізін қалаған ағайынды үш жігіттің ең үлкені. Бұл аңыз бізге дейін ХІІ ғасырдың «Повесть временных лет» шежіресімен жеткен болатын.
«Была три братья,— сообщает летописец,— единому имя Кий, а другому Щек, а третьему Хорив и сестра их Лыбедь. Седяше Кий на горе, идеже ныне оувоз Бо́ричев, а Щек седяше на горе, идеже ныне зовётся Щекови́ца, а Хорив на третьей горе, от него же прозвася Хореви́ца, и створиша град, во имя брата своего старейшего и нарекоша имя ему Киев. И бяше около града лес и бор велик, и бяху ловяща зверь, бяху мужи мудры и смыслени, и нарицахуся Поляне, от них же суть Поляне в Киеве и до сего дня». Қаланың шығу тарихы турасында және тағы бір болжам бар. Днепр өзенінің өткелінде қызмет еткен жұмыскерлер (кияндықтар) оның алғашқы тұрғындары есімімен аталған. Өткел өзеннің түбіне қағып енгізген тіреулерге төселген ағаш төсеулер түрінде көрінді. «Повести временных лет» жылнамасында: «Ини же несведуще, реша, яко Кий есть перевозник. У Киева бо бяше перевоз тъгда с оноя страны Днепра — темь глаголаху: „на перевоз на Киев“»
дейді… Шежіреші... мұны былай негіздейді:
«Аще бы Кий перевозьник был, то не бы ходил Цесарюграду. Но се Кий княжаше в роде своём и приходившю ему к цесарю, которого не свемы, но тъкмо о сем вемы, якоже сказають, яко велику честь приял есть от цесаря, при котором ходив цесари. Идущю же ему вспять (вторично — В. Я.), приде к Дунаеви и взлюби место и сруби градък мал и хотяше сести с родъм своим и не даша ему ту близь живущии. Еже и доныне наречють дунайти „городище Киевець“. Киеви же пришедшю в свой град Киев, ту живот свой сконьча».
Қала атауының шығу тарихы тұрғысындағы тағы бір қызықты нұсқасы Гельмольдің «Славянская хроника» жазбасы береді.[12]:
«Да́ны называют Русь также Острогардом по той причине, что, будучи расположена на востоке, она изобилует всеми благами. Ее называют также Хунигардом, потому что на этих местах сначала жили гунны… …Главный город ее Хуэ»
Славян тілдерінде бұл қаланың атауында кейбір жайттарда Кий есімінен сын есімнің туындауы негізінің шығуына орай, екінші жариясы едәуір түленділіп айтылады. Мысалы, қала орыс тілінде Киев деп аталады, Поляк тілінде Kijów ([ˈcijuf]), сербтер мен хорваттар тілінде — Kijevт.с.с. Киев ұзақ уақыттар бойына Ресей империясының және КСРО-ның құрамында болғандықтан, қала атауы славян тілінен емес, орыс тілі: ағылшын Kiev, немісше Kiew, т.с.с. арқылы таралды. Украин үкіметі Украина тәуелсіздігін алғаннан кейін ресми құжаттарда украиндық атауы негізін орыс тілінен емес, ағылшын тілінен алатын болды.[13] Бұл сонымен қатар, Киевтің ағылшын нұсқасына негізделіп, нәтижесінже Kyiv сөзі пайда болды, алайда ағылшын тілдес азаматтар үшін [14] үйреншікті болмағандықтан да олардың қолданысында Kiev [15] сөзінен гөрі сирек айтылады..
Археологиялық қазбалардың көрсетуі бойынша Киев облысының аймағындағы тұрғындар 15 000—20 000 жыл бұрын болған екен. Неолит және энеолит (мыс дәуірі) кезеңдері трипольдық мәдениетін көрсетеді, ескерткіштер мен мезгілдерін зерттеушілер үш кезеңге бөледі: ерте(4500—3500), орта (3500—2750) және кешірек (2750—2000 б.з.д. жж.). Оңтүстік-батыс аймақтардағы қола дәуірінің кезеңіне белогрудтық мәдениет тиесілі екен. Б.з.д. І мың жылдық - б.з. І мың жылдығының алғашқы кезеңінде Зарубинец мәдениеті солтүстік-батыс Киевтіктерге тән болды.
Заманауи Киев және Киев облысының аймағындағы темір ғасыры, сол сияқты, «киев мәдениеті» деп аталған және II—III ғғ., IV—V ғғ. тұсында дунайдың төменгі бөлігіндегі ормандар мен даладан Днепрдің сол жағалауына және шығыстағы Черниговтік черняхов археологиялық мәдениетін көрсетеді. Киев аса ірі әкімшілік орталық ретінде антикалық географтардың айтуы бойынша Шығыс Еурпада (К.Птолемей және басқалары) б.з. ІІ ғасырдн бері ғұндар қожалығы кезеңінде өз қызметін бастап кеткен болатын. Әрі қарай ол бұлғар,печенег, хазарлар, қыпшақтар «сахаралық» империясы аясында динамикалық түрде дамыды. Әр түрлі зерттеулерде оның тұрғындарының арасында торктер (Ақ шіркеу - Торческ) колбягтар, бұлғарлар, печенегтер, далалықтар және басқалар бар екенін айтады.
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Киев халқының саны 2 888 470 адамды құрайды, оның ішінде:
Киев Украинаның ірі өнеркәсіп орталығы болып табылады. Қалада халық шаруашылығының көптеген салалары бар. Олар: жеңіл және тағам өнеркәсібі, полиграфия, машинажасау, металлургия, авиақұрылыс.
Негізгі өнеркәсіп орындары:
Украина статистикасы мәліметтері бойынша алынды.[18]
Киев қаласы - ірі транспорттық торап (темір және тас жолдар,кемежай, әуежайлар). 1960 жылдан бері метрополитен жұмыс істейді. Автобус, троллейбус, трамвай жүйесі дамыған, фуникулер (тауға көтеретін жол) жұмыс істейді.
Киевте үш әуежай қызмет етеді: халықаралық аэропорт Борисполь ( Киев шетіне қарай, Киевской облысы Борисполь қаласында), Киев ( Жуляны ескі атауы және жүк тасу Гостомель әуежайы.
Сол сияқты, қаланың шетінде Святоши әуежайы орналасқан (Авиант әуежайы бәрінен бұрын "Авиант" Киев әуезауытына қызмет көрсетуге қолданылады). Сонымен бірге қаланың маңында Васильков, Узин, Белая Церковь қалаларында әскери әуежайлар орналасқан. Бірнеше рет Васильков пен Белая Церковь әуежайларын жолаушылар әуежайы ретінде жоспары талқыға салынды. Қаланың қатарында кішігірім мынадай әуежайлар орын алған: Чайка (бұрынғы ДОСААФ, парашюттік база, спорттық авиация), Бузовтық (планерлік база), Долина (спорттық авиация), Бышев, Бородянка (парашюттік база), Киев-Южный (Гребинки, сельхоз, авиация, тікұшақтар) және басқалары.
Теміржол вокзалдары:
1823 жылы Киевте бірінші пароход пайда болды, ал 1858 жылы «Днепр және оның салалары бойынша кеме қатынасы қоғамы» құрылды. Келесі жылы Днепрде 17 пароход, ал 25 жылдан кейін олардың саны 74 болды.
1961 жылы өзен вокзалы ашылды, оның сыртқы түрі кемеге ұқсайды. Вокзал сыйымдылығы бір мезетте 550 адамды құрады. Кеңестік кезеңде өзен порты флоты жылына 4 миллионға дейін жолаушы тасымалдады. Черкассы, Запорожье және Днепропетровскіге қалаларына ракеталар мен метеорлар қатынады. 1975 жылдан бастап Днепр су электр станцияларының каскады салынғаннан кейін Киев порты транзиттік портқа айналды. Үлкен сыйымдылықтағы кемелерден жүк Днепр мен Деснаның таяз бөлігіне қызмет көрсететін флотқа берілді.
Бүгінгі таңда Днепр көлік артериясы ретінде жарты ғасыр бұрынғыдай көлік артериясы емес. Жыл бойы тасымалмен айналысатын басқа компаниялар үшін өзен көлігі ыңғайсыз болды. Дегенмен, 2014 жылдан бері портқа 40 миллион гривеннен астам инвестиция салынды: кедендік кешен салынды, шеберханалар мен қоймалар қайта қалпына келтірілді, теміржол желісі қалпына келтірілді. Олар жүк тиеу алаңы мен кеңселері бар логистикалық кешен, цемент базасы терминалын салып, жүктерді өңдеуді ғана емес, контейнерлік тасымалдауды да дамытуды жоспарлап отыр. Өзен вокзалы қазір туристік бағытта дамып келеді.[19]
1960 жылы ашылған Киев метросы Мәскеу мен Ленинградта метро ашылғаннан кейін Кеңес Одағында үшінші метро болды. Қазіргі уақытта метро Киевтегі ең жылдам көлік түрі болып табылады.
Киев метросының он ауданды кесіп өтетін үш желісі бар, метро желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 65 шақырымды құрайды, 52 станция және үш жерасты трансфер торабы бар. Киев метросының алты станциясы жер үстінде, жиырма станциясы үлкен тереңдікте, ал жиырма төрт станциясы таязырақ тереңдікте орналасқан.
2014 жылдан бастап метроның навигациялық жүйесінің дизайны әзірленді. Одан метро карталарының дизайнын, метро схемаларын, көліктердегі мониторларға арналған анимацияларды және ақпараттық баннерлерді көруге болады. 2019 жылы қолданыстағы 822 метро вагонының 500-і жолаушылар вагондарда орналасқан теледидарда көшелер ғана емес, сонымен қатар қоғамдық көлік аялдамалары, метроға кіретін және шығатын жерлер, жақын маңдағы орындар көрсетілді.
Киев метросында 105,5 метр тереңдікте орналасқан және Еуропа мен бұрынғы КСРО елдеріндегі ең терең болып табылатын Лондон метрополитенінің типіне сәйкес салынған вестибюльі жоқ Арсеналная стансасы бар.[20]
Тарихтағы ең көне көлік түрі – трамвай, Киев қаласында алғаш рет 1892 жылы іске қосылды. 1913 жылға қарай 20-дан астам маршрут желісі болды.
1978 жылы Киевте КСРО-да алғашқы жүрдек трамвай желісі іске қосылды. Жүрдек трамвай құрылысының жобасын Мария Савченконың жетекшілігімен «Киевпроект» мемлекеттік мекемесінің мамандары әзірледі. Жобаның бірінші кезеңі жүзеге асырылып, айналма жолдан Жеңіс алаңына дейінгі маршрут 9 шақырымды құрап, 12 бекеттен тұрды. Маршрут бойымен 2 және 3 вагонды жүрдек пойыздар жүрді. Желідегі орташа жылдамдық 28,7 км/сағ құрады.
КСРО ыдырағаннан кейін жүрдек трамвай желісі нашар жағдайда болды: метро станциясы мен жол жөндеуді қажет етті. Қайта құру жұмыстары 2007 жылы басталды. Станциялар заманауи технологиялар арқылы қайта салынды.
Бүгінгі таңда Киев трамвай бағыттарына 473 трамвай вагоны қызмет көрсетеді. Киевте жүретін трамвай түрлері: Tatra T3SUCS, Tatra T3R.P, Tatra T6A5 7 0, K-1M6 1 0, T3UA-3 "Kashtan", Богдан TR843 1, K-1M 8 6, Tatra K3R-N (KT3UA), Pesa Foklectron 73414 0 5. Қазіргі уақытта трамвай бұрынғы маңызын жоғалтты.[21]
Киевте троллейбус қозғалысын ұйымдастыру жұмыстары 1934 жылы басталды. Алғашқы троллейбус бағыты Красноармейская көшесі (Большая Васильковская) болды. 1966 жылы 12 маусымда киевтік өнертапқыш Владимир Веклич әлемдегі алғашқы троллейбус пойызын жасады. 1983 жылға қарай Киев троллейбус паркінің жартысынан астамы Владимир Веклич жүйесін пайдаланатын 296 троллейбус пойыздарында жұмыс істеді.
Бүгінгі таңда жылжымалы құрам негізінен К12, ЮМЗ, ЛАЗ Е183 және 301, МАЗ-103Т және Богдан көліктерімен ұсынылған.
2000 жылы Киевте 35 троллейбус бағыты жұмыс істеді. Троллейбус желілерінің жалпы ұзындығы 324,9 шақырымды құрайды, автопарк 640 көліктен тұрады. 2006 жылдың мамыр айынан бастап троллейбус бағыттарының саны 44-ке жетті. 2010 жылғы желтоқсанда 37 бағыт жұмыс істейді. 4 троллейбус депосы жұмыс істейді.[22]
Киевте тұрақты автобус қатынасының алғашқы ашылуы 1913 жылы болды. Шын мәнінде, автобус толық ауқымды жұмысын 1925 жылы бастады. Ол кезде жалғыз бағыт бойынша 2 ғана автобус жүретін. Қазір Киевте 90-ға жуық муниципалды автобус бағыты жұмыс істейді. Автобустардың саны 700 бірліктен асады. 8 автобус базасы жұмыс істейді.
Киев бағыттарының көпшілігі үлкен класты автобустармен қызмет көрсетеді, олар негізінен ЛАЗ-A183 және MAЗ-203 автобустарымен ұсынылған. Бұл автобустар қаланың барлық дерлік маршруттарында кездеседі. Үлкен класты автобустар көптеген қалалық маршруттарда да кездеседі, бірақ әдетте әртүрлі бағыттар бойынша шашыраңқы болады. Мұндай автобустардың көп шоғырлануы Троещина немесе Виноградарь сияқты халық тығыз орналасқан аудандарға қызмет көрсететін №6 автобазаның бағыттарында кездеседі.
Жолаушылар ағыны аз бағыттарда шағын класты автобустар пайдаланылады. Богдан А091 және Богдан А092 шағын класты автобустар, мысалы, № 2, 47, 59, 78 маршруттары.[23]
Шағын автобустар Киевтегі қоғамдық көліктерден кем емес танымал болып саналады. Көптеген адамдар қозғалыс жылдамдығы мен қозғалыс жиілігіне байланысты көліктің осы түріне басымдылық береді. Киевтің шетінен немесе қоғамдық көлікті пайдалану ыңғайсыз қаланың шалғай аудандарынан жету қажет болғанда, жолаушыларға қажетсіз қиындықсыз тез арада діттеген жеріне жетуге микроавтобустар көмектеседі. Сондай-ақ, автобустардан, троллейбустардан және трамвайлардан айырмашылығы, Киевтің маршруттық таксилері көп мөлшерде ұсынылған, бұл көліктің осы түрімен қала бойынша жүруді өте ыңғайлы етеді.[24]
Көптеген жылдар бойы Киев тұрғындары мен Украина астанасының қонақтары фуникулерды белсенді түрде пайдаланып келеді. Ерекше және өзіндік бірегей көлік жүйесі Владимирская төбесінен тез көтерілуге немесе төмен түсуге мүмкіндік береді.
Киев фуникулері 1905 жылы ашылды (Одессадан кейінгі Украинадағы екінші). Жолдың ұзындығы 222 м, еңісі 18-20°. Бір бағыттағы жол жүру уақыты шамамен 3 минутты алады. Жоғарғы және төменгі стансалар арасындағы биіктік айырмашылығы 75 м. Фуникулерлық трассаның жоғарғы бөлігі темірбетонды эстакадада орналасқан.
Киевтік фуникулер маятникті (ең кең тараған) жұмыс схемасын пайдаланады: екі моторсыз вагондар жоғарғы станцияда орналасқан шығырға сым арқан арқылы жалғанған. Вагондардың бірінің төмен қозғалуы екінші вагонның жоғарыға симметриялы қозғалысына әкеледі. Әрбір фуникулерлық вагонда рельсті тістеуік тәрізді ұстайтын сына тәрізді авариялық тежегіш бар. Әр вагонның сиымдылығы 100 адам, оның 30 - ы отыратын орын.
Фуникулёр қалалық көлік құралы ретінде де, туристік тартымдылық ретінде де белсенді қолданылады. Тәуліктік жолаушылар ағыны 10-15 мың жолаушыны құрайды.[25]
Киевте 50-ге жуық театр ұжымдары жұмыс істейді. 2009 жылдың ресми деректері бойынша 31 театр бар. Оның ішінде: Т.Г.Шевченко атындағы Украинаның Ұлттық академиялық опера және балет театры, Киев қалалық балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық опера және балет театры, Иван Франко атындағы Ұлттық академиялық драма театры, Леся Украинка атындағы Ұлттық академиялық драма театры, «ПоэТ» театры, Подольдегі театр, Киев академиялық жастар театры, Киев ұлттық академиялық оперетта театры, Киев мемлекеттік академиялық қуыршақ театры, Киев қалалық академиялық қуыршақ театры, сол жағалаудағы Киев мемлекеттік академиялық драма және комедия театры, Киев эстрадалық театры, «Күміс арал» театры.
Киев тарихы мұражайы — 1978 жылы құрылған. Мұражай қорында 250 мыңға жуық экспонат бар. Экспонаттардың көпшілігі - бұл қалада қазылған археологиялық материалдар. Киев тұрғындарының әр жылдардағы тұрмыстық заттар топтамалары назар аударуға тұрарлық.
Украинаның Ұлттық өнер мұражайы — Украинадағы ең үлкен өнер галереясы. Мұнда 40 мыңға жуық экспонат қойылған. Мұнда украиндық және шетелдік үздік суретшілердің картиналары, мүсіндер мен гравюралар жинағы бар. Экспонаттардың жасы Киев Русынан қазіргі заманға дейін. Мұнда ежелгі икондардың әдемі жинағы бар. Мұражайда тұрақты түрде қазіргі украин суретшілерінің жұмыстарының көрмелері өткізіліп тұрады.
Украина Қарулы Күштерінің Орталық мұражайы — Украинадағы ең маңызды әскери мұражай. Мұражай 1996 жылы құрылған. Мұнда 1991 жылдан бері Украина армиясы мен флотын құрудың бүкіл тарихы сипатталған.
Киев бекінісі — ХІХ ғасырда салынған қорғаныс ғимараты. Кейбір үй-жайларды Украина Қорғаныс министрлігі әлі күнге дейін әскери қоймалар ретінде пайдалануда. Патша заманында мұнда казарма, қарауыл, азық-түлік қоймалары болған, бұл ғимарат 1927 жылы мұражайға айналды. Бекіністің өзі Киевтің орталық және сәнді аудандарының бірі – Печерскде орналасқан.
Ұлы Отан соғысы мұражайы — 1981 жылы ашылды. Мұнда Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери киімдер, майдан хаттары, мұрағаттық фотосуреттер, әскери карталар және басқа да қызықты жәдігерлер жинақталған.
Украинаның тарихи қазыналар мұражайы — 1969 жылы 4 қаңтарда ашылды. Киев-Печерск лаврасының аумағында орналасқан. Онда Украинадағы алтын зергерлік бұйымдардың ең үлкен топтамаларының бірі бар. Алтын бұйымдармен қатар асыл тастардан жасалған бұйымдар да бар.
Леся Украинка мұражайы — өткен ғасырдың 60-жылдарында құрылған. 1991 жылы оның мемориалдық пәтері ашылды. Мұнда ақынға тиесілі заттар, картиналар, сирек кітаптар жинақталған. Бөлек бөлмеде ақынның бүкіл өмірінен сыр шертетін жәдігерлер орналасқан.
Николай Лысенконың үйі - ұлы украин композиторы өмір сүріп, қызмет еткен жер. Мұнда композитордың көзі тірісінде болған үй ортасы сақталған.
Украинаның сәулет және тұрмыс мұражайы — Киев қаласының оңтүстік шетінде Пирогово ауданында орналасқан. Бұл 1969 жылы құрылған ашық аспан астындағы мұражай. Мұнда XVI—XX ғасырлардағы халық сәулет өнерінің 275 ғимараты – ауыл үйлері, сарайлар, шіркеулер жинақталған, мұнда украин шаруаларының 70 мыңнан астам тұрмыстық заттары сақталған, мұражай экспозициясы көптеген мұрағаттық фотосуреттермен толықтырылған.
Украин сәндік өнерінің мемлекеттік мұражайы — Киев-Печерск лаврасында орналасқан. Экспонаттар 1899 жылы жинала бастады. Мұнда украиндық ұлттық кілемдер, маталар, украин кестелері, керамика және иконалар қойылған.
«Чернобыль» ұлттық мұражайы — 1992 жылы ашылды. Мұнда 7000 экспонат – құпиядан шығарылған кеңестік құжаттар, Чернобыль атом электр станциясының апатқа дейінгі және одан кейінгі карталары мен фотосуреттері бар.
Украина тарихының ұлттық мұражайы - Украина тарихын зерттейтін ең үлкен украин мұражайы. Старокиев тауында орналасқан. Мұнда картиналар, ұлттық украиндық киімдер, көне монеталар коллекциялары, ескі кітаптар сақталған. Мұражай қорында 800 мың экспонат бар. Бұл жерде казак хаттары мен гетмандардың хаттары да сақталған.
Кітап және баспа мұражайы — Киев-Печерск Лаврасында орналасқан. Мұнда 56 мың экспонат бар. Баспа машиналары, клишелер, алғашқы баспа кітаптарының көшірмелері жинақталған.
Киев-Печерск лавры — Украинадағы ең қасиетті орын. Мұнда терең зынданда әулиелердің жәдігерлері жатыр, монастырь және бірнеше белсенді шіркеулер бар. Мұнда жәдігерлер ауыр аурулардан арылуға немесе қалпына келтіруді тездетуге қабілетті.
Мемлекеттік авиация мұражайы — Киевтің оңтүстік-батыс шетіндегі Жуляны әуежайының жанында орналасқан. Мұнда 70-ке жуық ұшақ пен тікұшақ бар. Мұнда жолаушылар және әскери ұшақтар жинақталған.
Украинаның ұлттық медицина мұражайы — мұнда ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі украин медицинасының даму тарихы ұсынылған. Әйгілі украин дәрігерлерінің портреттері бар галерея бар.[26]
ІХ ғасырдан бастап Киев Шығыс Еуропаның интеллектуалды дамуының орталығы болды. XVII ғасырдың аяғынан бастап Киев-Могилян академиясы көптеген танымал ғалымдарды даярлап шығарды. Алайда бірінші еуропалық үлгідегі заманауи университет Николай І патшаның жарлығымен Әулие Владимир атындағы Киев Императорлық университеті ретінде құрылды.
Бүгінде Киев – Украинадағы ірі ғылым мен білім орталықтарының бірі. Киевте халықаралық дәрежедегі университеттерді қосып алғанда, көптеген жоғары және орта білім мекемелері, соның ішінде Украинаның үш ең беделді университетттері: Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық Университеті, Украинаның «КПИ» Ұлттық техникалық Университеті және «Киев-Могилян академиясы» Ұлттық университеті орналасқан [27]. Киевте Киевте 350 мектеп, 100-ден астам гимназиялар мен лицейлер, 70-тер шамасында Жоғары оқу орындары[28] бар, олар:
• Амстердам, Нидерланд • Андорра-ла-Велья, Андорра • Берлин, Германия • Берн, Швейцария • Брюссель, Бельгия • Вадуц, Лихтенштейн • Вена, Аустрия • Дублин, Ирландия • Дуглас, Мэн аралы • Лондон, Ұлыбритания • Люксембург, Люксембург • Париж, Франция • Сент-Питер-Порт, Гернси • Сент-Хелиер, Джерси
• Анкара, Түркия1 • Афина, Грекия • Белград, Сербия • Валлетта, Мальта • Ватикан, Ватикан • Гибралтар, Гибралтар • Загреб, Хорватия • Лиссабон, Португалия • Любляна, Словения • Мадрид, Испания • Монако, Монако • Никосия, Кипр2 • Подгорица, Черногория • Приштина, Косово • Рим, Италия • Сан-Марино, Сан-Марино • Сараево, Босния және Герцеговина • Скопье, Солтүстік Македония • Солтүстік Никосия, Солтүстік Кипр • Тирана, Албания
• Вильнюс, Литва • Копенгаген, Дания • Лонгйир, Шпицберген • Мариехамн, Аланд аралдары • Осло, Норвегия • Рейкьявик, Исландия • Рига, Латвия • Стокгольм, Швеция • Таллин, Эстония • Торсшавн, Фарер аралдары • Хельсинки, Финляндия
• Астана, Қазақстан1 • Баку, Әзербайжан • Братислава, Словакия • Будапешт, Мажарстан • Бухарест, Румыния • Варшава, Польша • Ереван, Армения2 • Киев, Украина • Кишинев, Молдова • Мәскеу, Ресей1 • Минск, Беларусь • Прага, Чехия • София, Болгария • Степанакерт, Таулы Қарабақ Республикасы • Сухум, Абхазия • Тбилиси, Грузия • Тирасполь, Транснистрия • Цхинвал, Оңтүстік Осетия