Басқа мағыналар үшін Есет деген бетті қараңыз.
Есет — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ауыл.
Географиялық орналасуы
Аудан орталығы Бейнеу ауылынан солтүстік-батысқа қарай 60 км жерде, Бағытай-беніке ойысы мен Қарақұм құмды алқабы аралығында, темір жол бойында орналасқан.
Тарихы
Ауыл 1973 жылға дейін Атырау облысы, Ембі ауданының құрамында болған. Есет ауылы 1998 жылға дейін Құркөл деп аталып келген.
Халқы
1999 |
2009[1] |
2021[2]
|
797 |
▲897 |
▼771
|
2016 жылғы есеп бойынша Есет ауылында 157 үй, (223 жанұя) 868 адам тұрады. Олардың 430-әйел, 438-ер адам. Мектеп оқушыларының саны 158, мектепалды дайындық сыныбында 12 бала тәрбиеленіп жатыр. Мектеп жасына дейінгі балалар - 95. зейнеткерлер - 71, мүгедектер -26, студенттер - 82, тұрақты жұмыс жасайтындар - 361, жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар саны - 10, өзін – өзі жұмыспен қамтып отырғандар саны -9, Денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсызы – 3. 2-отбасы жаңадан үй салып қоныстанды, 1 отбасы жанұя құрамы 5 адам ауылға көшіп келді. 13 сәби дүниеге келіп, 9 жас отбасын құрды[3].
Инфраструктурасы
Есетте шаруа қожалықтары, кәсіпкерлік нысандар, темір жол саласының бөлімшелері, орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. жұмыс істейді. Ауыл арқылы Ақтау – Атырау, Атырау – Қоңырат (Өзбекстан) автомобиль жолдары өтеді.[4]
[5]
[6]
Ауыл суреттері
-
Стелла
-
Есет ауылы
-
Есет ауылы.
Дереккөздер