Басқа мағыналар үшін Сам деген бетті қараңыз.
Сам ауылы (2007 ж. дейін — Қызыләскер[1]) — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ауыл, Сам ауылдық округі орталығы.
Географиясы
Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде, Сам құмының батыс етегінде орналасқан[2].
Тарихы
Іргесі 1949 жылы құрылған. 1973–1995 жылдары «Сам» қаракөл қой кеңшарын ұйымдастыруға байланысты оның бөлімшесі есебінде қаланды.
Халқы
1999 |
2009[3] |
2021[4]
|
451 |
▼450 |
▲526
|
Экономикасы
«Сам» қаракөл қой кеңшары негізінде Самда мал шаруашылығымен айналысатын 14 шаруа қожалығы ұйымдасқан. Одан басқа су айдайтын Бейнеу МТС-ке қарасты Қарағайлы мекемесі орналасқан.
Транспорты
Ауыл арқылы «Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автотрасса жолы мен «Бейнеу-Жезқазған» теміржолы жүреді.
Тарихи ескерткіштер
Ауылдан 12 шақырым жерде Қошмағанбет, 9 шақырым жерде Қарғабай атты тарихи ескерткіштер сақталған.
Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, кітапхана, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, тағы басқалар бар. Тұрғындары жер асты су көзін пайдаланады.
Ауыл тұрғындарына Сам мектеп-балабақша кешені, медициналық пункт, «КазТрансГазАймақ» бөлімшесі, Казпошта бөлімшесі, АТС байланыс торабы, Билайн байланысы, «Бейнеусусервис» КМК-ны қызмет көрсетсе, табиғи газ, электр энергиясы және ауыз сумен қамтылуда іркіліс жоқ[5].
Дереккөздер