Ақжігіт — Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті.
Географиясы
Аудан орталығы Бейнеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 54 км жерде орналасқан. Ауыл оңтүстігінде бұталы тоғай шоғырлары өседі.[1]
Тарихы
Ауыл 1969–1995 жылдары қаракөл қойын өсіретін КСРО-ға 60 жыл атындағы кеңшардың орталығы болып келді.
Халқы
1999 |
2009[2] |
2021[3]
|
2496 |
▲2556 |
▼2025
|
Инфрақұрылымы
«Сам» орман шаруашылығы және өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын мекеме, «Бейнеугаз» ЖШС-нің бөлімшесі, Бейнеу электрмен қамту жүйесінің бөлімшесі, темір жол станциясы мен мекемесі бөлімшелері жұмыс істейді. Ауылда 2 мектеп, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, кітапхана, мұражай, мәдениет үйі, пошта, телефон станциясы, телехабар тарату орталығы бар. Ауыл жанында шекарашылар заставасы орналасқан.
Ауылдық округтегі жеке және шаруа қожалықтарындағы мал басы саны: қой мен ешкі – 26 020 бас, жылқы – 2 296 бас, түйе – 3 581 бас, сиыр – 400 басқа тең. Кеңшар негізінде Ақжігітте 19 шаруа қожалығы жұмыс істеуде[4].
Дереккөздер