Сыңғырлау — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ауыл.
Географиясы
Аудан орталығы Бейнеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 км жерде орналасқан[1].
Тарихы
Іргесі 1983 жылы қаракөл қойын өсіретін кеңшар ұйымдастыруға байланысты қаланған. 1996 жылы кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды.
Халқы
1999 |
2009[2] |
2021[3]
|
897 |
▼836 |
▼531
|
Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, клуб, фельдшаруашылық-акушерлік пункт, АТС, байланыс үйі, сауда орындары жұмыс істейді. Сыңғырлауда аудандық суару жүйесінің бөлімшесі, ұлутас және қиыршықтас карьерлері орналасқан. Ауылдан шығысқа қарай 4 км жерде «Орта Азия – Орталық» газ құбыры өтеді.<ref">Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>.
Тарихи ескерткіштер
Ауыл маңында Көркембай мешіті, Омар-Тұр, Қосарқан, Аманжол, Шаған, Иманбай, Бегем, Қосмағамбет, Мейір, т.б. тарихи-мәдени ескерткіштер бар.
Дереккөздер