Сарға – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті.
Географиялық орналасуы
Аудан орталығы Бейнеу ауылынан солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, Каспий ойпатының шығыс жағындағы Қызылжареспе қонысының шығысында, шөлді белдемде орналасқан.
Тарихы
Іргесі 1973 жылы «Сам» қаракөл қой кеңшарын құруға байланысты қаланды. 1996 жылдан кеңшар негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Ауыл 2005 жылға дейін "Жангелдин" деп аталып келді.[1]
Халқы
1999 |
2009[2] |
2021[3]
|
1137 |
▲1348 |
▲1543
|
Инфрақұрылымы
Сарғада темір жол мекемелері, байланыс бөлімі, орта мектеп, мектеп-интернат, клуб және фельдшер-акушерлік пункт бар. Тұрғындары аудан орталығымен темір және автокөлік жолдары арқылы байланысады. Қиғаш – Атырау – Құлсары – Бейнеу су құбыры арқылы сумен қамтамасыз етіледі. Сарғаның шығыс жағынан Орта Азия – Орталық газ құбыры мен Өзен – Атырау – Самара мұнай құбыры өтеді.[4]
Дереккөздер