Қалжан ахун (1997 жылға дейін — Амангелді)[1] — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Қалжан ахун ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Тереңөзек ауылынан батысқа қарай 6 км-дей жерде, сарсазан, қарабарақ, бұйырғын, баялыш, т.б. сораң шөптесін өскен қуаң шөлді белдемде орналасқан.
Тарихы
1967 – 97 жылдары күріш өсіретін Ильич атындағы кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде шаруа қожалығы құрылды. [2]
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1178 адам (582 ер адам және 596 әйел адам) болса, 2009 жылы 1174 адамды (602 ер адам және 572 әйел адам) құрады.[3]
Дереккөздер