Іңкәрдария — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Іңкәрдария ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы — Тереңөзек ауылынан оңтүстікке қарай 55 км жерде, Тораңғылсай өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1096 адам (588 ер адам және 508 әйел адам) болса, 2009 жылы 1059 адамды (561 ер адам және 498 әйел адам) құрады.[1]
Тарихы
Ауыл 1963–1996 жылдары қаракөл қойын өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде ЖШС жұмыс істейді.
Дереккөздер