Басқа мағыналар үшін Ақжарма деген бетті қараңыз.
Ақжарма (1997 жылға дейін — Ильич)[1] — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Ақжарма ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Тереңөзек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, Ақжарма каналы жағалауында, шөл белдемінде орналасқан.
Тарихы
Іргесі 1957 жылы ұсақ артельдер негізінде ұйымдасқан Ленин атындағы ұжымшар орталығы ретінде қаланды. Ауылда күріш ақтайтын 4 цех, ұн тартатын диірмен, макарон цехы жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
Орта мектеп, ауылдық емхана, мәдениет үйі, кітапхана, монша, мешіт бар.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2830 адам (1469 ер адам және 1361 әйел адам) болса, 2009 жылы 2545 адамды (1340 ер адам және 1205 әйел адам) құрады.[2]
Дереккөздер