Басқа мағыналар үшін Бесарық деген бетті қараңыз.
Бесарық — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Бесарық ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Тереңөзек кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 56 км жерде, Жаңадария каналының жағалауында, шөлді белдемде орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2137 адам (1131 ер адам және 1006 әйел адам) болса, 2009 жылы 2258 адамды (1155 ер адам және 1103 әйел адам) құрады.[1]
Тарихы
Іргесі 1948 жылы ескі «Тораңғылсай» арнасы бойында қаланды. 1950 жылы шағын ұжымшарлар біріктіріліп Жамбыл атындағы ұжымшар болып аталды. 1973-1994 жылдары КСРО-ның 50 жылдығы атындағы кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде бірнеше өндірістік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. [2]
Дереккөздер