Басқа мағыналар үшін Жетікөл деген бетті қараңыз.
Жетікөл — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Жетікөл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Тереңөзек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 78 км-дей жерде.
Тарихы
Іргесі 1957 жылы қаракөл қойын өсіретін Аманкелді атындағы кеңшар бөлімшесінің орталығы ретінде қаланған. [1]
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 969 адам (520 ер адам және 449 әйел адам) болса, 2009 жылы 794 адамды (420 ер адам және 374 әйел адам) құрады.[2]
Дереккөздер