4-19 маусым
15
Италия (2 рет)
18
84 (4,67 бір ойында)
Футболдан үшінші әлем чемпионаты — 1938 жылы 5 - 19 маусым аралығында Франция елінде өтті. Әлем чемпионы екінші рет қатарынан Италия құқрамасы атанды.
1938 жылғы әлем чемпионатын өткізушілердің бұрынғысынанда күрделі мәселелері туындады. ФИФА ұйымының енді әлем чемпионаты Еуропа мен Оңтүстік Америка жерінде кезек-кезек өтеді деген мәселесіне қарасмастан, 1936 жылы Берлинде өткен конгрессте чемпионатты өткізуді қалаған жалғыз оңтүстікамерикалық ел Аргентинада емес Франция жерінде өтетін болып шешілді. Оңтүстікамерикалықтар наразылық белгісінде өз құрамаларын Еуропаға алдағы 20 жыл ішінде жібермейтінін мәлімдеді.
Сол жылдары Еуропаның халқының өзі тыныш өмір сүрмеуде еді. Испанияда азаматтық соғыс жүрді, ал Австрия Германияға қосылып, өз құрамасымен үздік ойыншыларында қосты. Австрия құрамасы «аншлюсқа» дейін әлем чемпионатына жолдама алып қойғанымен, ол жолдамасы босқа. Оның орнына Англия құрамасына қатысуға ұсыныс жасаған, оны ағылшындар қабылдамағаннан кейін, Австрияның қарсыласы саналғын Швеция құрамасы ойнамай-ақ ширек финалға жолдама алды.
Латын Америкасынан тек Куба мен Бразилия құрамалары ғана жолдама алды, оның өзіндеде тек бразилиялықтар медальдан үміткер болып саналды.
Жарыс жүйесі тағы олимпиялық жүйеде өткізілді. Германия күтпеген жерден 1-ші айналымда (қайта ойнауда) Швейцария құрамасынан жеңіліп ұшып кетті. Басқа жұптардың ішінде Бразилия мен Польша әлем чемпионатының тарихындағы ең әдемі ойындарының бірін көрсетті. Қара бриллиант атанған Леонидас Бразилия сапында 3 доп соқты, Польша сапында Эрнест Вилимовский де 4 доп соқты. Бірақ оның 4 добы Польшаның келесі айналымға шығуына көмектескен жоқ. Бұл ойында бразилиялықтар қосымша уақытта 6:5 есебімен жеңіске жетті.
Италия құрамасы ширек финалда алаң иелері Франция құрамасын жеңді. ал бразилиялықтар қайта ойнауда Чехославакия құрамасын жеңді. «Бордодағы шайқас» деген атпен танымал бірінші кездесуде 2 бразилиялық, 1 чех алаңнан қуылды. Чех шабуылшысы Олдржих Неедлы аяғын сындырып алды, ал қақпашысы Франтишек Планичка қолын сындырып алды.
Осыдан кейін бразилиялық финалға шығатын мүмкіндігінен айырып қалды. Италиямен болған ойында Леонидасты алаңға шығармағанының кесірінен 2:1 есебімен ұтылып қалды. Екінші жартылай финалда Венгрия Швеция құрамасының тас талқанын шығарды, есеп 5:1.
Венгрлер финалда қарсыластарына қарағанда күшті көрінгенімен, оларға шабуылдауда батылдық жетіспеді. Италия бірінші таймда алда болды (3:1), ал ойын соңында есеп 4:2 болды.
Томас Фернандес (Куба) пенальти соға алмады (42', қақпашы)
Тұңғыш рет әлем чемпионы өз атағын сақтап қалды. осы жетістікті тек Бразилия құрамасы қайталай алды (1958-1962 жылдары).
Тұңғыш рет әлем чемпионы қабылдаушы ел болған жоқ.
Италия жаттықтырушысы бұл жолы әлем чемпионы атану үшін барлығы 14 ойншыны алаңға шығарды. Сөйтіп, 1930 жылы 15 ойыншы шығарып әлем чемпионы атанған Уругуай құрамасының рекорды жаңартылды. Ал италиялықтар тұңғыш алтынды алатын кезде 22 ойыншы алаңға шыққан болатын.
Виторио Поццо әлем чемпионатында жаттықтырушы ретінде 2 дүркін әлем чемпионы атанған тұңғыш, әзірге жалғыш жаттықтарушы болып саналады.
Алғашқы әрі әзірге соңғы рет әлем чемпионатының 1 ойынында 2 ойыншы покер жасады. Бразилиялық Леонидас пен поляк Вилимовски төрт-төрттен қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Бірақ ресми статистика Леонидасты бұл ойнда тек 3 доп соқты деп санайды.
Нидерланд құрамасының ойыншысы Йон де Хардер әлем чемпионатында ойнаған ең жас ойншы деген рекорд иесі атанды. Оның чемпионатта өткізген жалғыз матчындағы жасы 18 жас, 42 күн болатын, ал оның жерлесі Петер Андерссон туғанына 34 жыл, 190 күн болғанда алаңға шығып, керісінше, ең қарт ойыншы деген рекордқа ие болды. Сөйтіп, осы әлем чемпионатында тұңғыш рет XIX-шы ғасырда туған ойыншылар қатысқан жоқ.
Франциядағы әлем чемпионатына қатысушы елдердің ішінде тек 2 құрама бірде-бір доп соға алмай кетті. Олар: Голландиялық Ост-Үндістан мен Нидерланд.