Тобыл-Торғай су шаруашылығы бассейні Қазақстан Республикасының су шаруашылығы бассейні болып табылады.
Ауданы - 214 мың км².
Алабына Тобыл, Торғай, Ырғыз өзендерінің алаптары кіреді.
Тобыл-Торғай су шаруашылығы бассейнінің аумағында шамамен 1,05 миллион адам тұрады.
Су қоры 2,9 км³ (Қазақстандағы су ресурстарымен ең аз қамтамасыз етілген бассейн). Бассейннің өзінде 1,5 км³ су құралады.
Бассейндік аумақ ылғалдылығы жеткіліксіз аймақтарға жатады. Бассейннің беткі ағыны тек қана қар жамылғысының еруінен түзіледі.
Алабын өзендерінің беткі ағыны айтарлықтай ауытқуларға ұшырайды. Өзендердегі тұрақты ағынды қамтамасыз ету мақсатында су қоймалары жүйесі құрылды. Ең ірі су қоймалары: Верхнетоболь су қоймасы және Қаратомар су қоймасы.
Бассейнде 5 мыңнан астам көл бар. Көлдердің басым көпшілігінің ауданы 1 км²-ден аспайды және жазда құрғайды. Алабындағы ірі көлдер: Құсмұрын, Сарықопа, Ақсуат, Сарымойын.[1]