Бахрейн Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Бахрейннің атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Басқарушы орган - Бахрейн Футбол Қауымдастығы. АФК және ФИФА мүшесі.
Тарихы
Азия чемпионатына 5 рет қатысқан. Ең жоғары нәтижесі - 4-орын (2004).
2011 жылы Араб ойындарының және Парсы шығанағы ойындарының жеңімпазы атанды.
Ешқашан әлем чемпионатына қатыспаған. Екі рет жолдаманы алуға өте жақын тұрған жерінде сүрінді. 2005 жылы Тринидад және Тобаго құрамасымен құрлықаралық плей-оффта соңғы таласқа түсті. Сыртта 1:1 есебімен тең ойнап, өз алаңында 0:1 есебімен ұтылып қалды. Осылайша, 2006 жылғы әлем чемпионатына Тринидад және Тобаго құрамасы (бірінші рет) жолдама алды.
2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде де дәл солай құрлықаралық плей-оффқа дейін жетіп, бұл жолы Мұхиттық аралдар өкілі Жаңа Зеландиямен сынға түсті. Әуелі өз алаңында 0:0 есебімен тең ойнап, сыртта 0:1 есебімен ұтылып қалды. Міне, осылай екі ретте де бахрейндіктердің әлем чемпионатына шығуына бір гол ғана жетпей қалды.
Құрама жайлы мәліметтер
- Алғашқы ойынын 1966 жылы 2 сәуірде Манамада Кувейтпен өткізіп, 4:4 есебімен тең түскен.
- Құрама рекордшылары: ең көп гол соққан - Исмаэль Абдулатиф (34), ең көп гол соққан - Салман Иса (138).
- Бас бапкері - Мирослав Соукуп (Чехия)