Өрнек — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы ауыл, темір жол стансасы, Өрнек ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Аса ауылынан батысқа қарай 21 кмдей жерде, Билікөл көлінің шығысындағы қамыс, құрақ аралас боз жусан, баялыш, күйреуік өскен шалғынды-сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан.
Халқы
Саны (2009, 2021)[1]
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
2232 |
▲2268 |
101,6 |
1123 |
▲1165 |
103,7 |
1109 |
▼1103 |
99,5
|
Тарихы
Ауыл 1952-1997 жылы Крупская атындағы сүтті ірі қара мал бағытындағы ұжымшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Өрнекте 1997 жылдан «Саза батыр» ӨК және 20-дан астам шаруа қожалығы құрылды. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар
Ертеректе Өрнек, Сиқым, Шымыр, Айнакөл ауылдары колхоздастыру жылдары біріктіріліп Крупская атындағы ұжымшар болған. Кейін өзінің "Өрнек" деген тарихи атауын алған. Өрнек атауы ауылды басқарған адам аты десе, бірінде жаңадан ел қоныстанғанда ауыл шетіндегі сәмбі талдың бұтақтарын иіп қора, киіз үйге қажетті ағаштарын жасаған, елдің берекесі кірген, осыған байланысты ауыл қариялары "ауылымыз өнерлі, өрнекті болсын" деп Өрнек ауылы аталған деседі.[2][3]
Дереккөздер