Тастөбе — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы ауыл, Көлқайнар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Аса ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде, Тасарық өзенінің жағалауындағы сұр, қара жусан аралас баялыш, көкпек басым өскен сұр, шалғынды сұр топырақты қуаң шөлді далада орналасқан.
Халқы
Саны (2009, 2021)[1]
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
1257 |
▲1515 |
120,5 |
632 |
▲785 |
124,2 |
625 |
▲730 |
116,8
|
Тарихы
Ауыл 1996 жылға дейін "Куйбышев" деп аталып келді. 1964–1997 жылдары қызылша өсіретін Куйбышев атындағы кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Тастөбеде 1997 жылдан өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.[2]
Тастөбе ауылы - VII-X ғасырлардағы қала (Тастөбе) орны. Тастөбе ауылының солтүстік аумағында 400 м жерде биік төбе орналасқан, айналасында қыш құмыра, күйген кірпіш сынықтары көптеп кездеседі. Ауыл маңында көптеген қорғандар бар.[3]
Дереккөздер