Шайқорық

Ауыл
Шайқорық
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Жамбыл

Ауданы

Жамбыл

Ауылдық округ

Жамбыл

Тарихы мен географиясы
Координаттары

42°57′07″N 71°19′56″E / 42.95194°N 71.33222°E / 42.95194; 71.33222

Құрылған уақыты

1929

Алғашқы дерек

1850

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

4417 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

08

Шайқорық картада
Шайқорық картада
Шайқорық
Шайқорық
Шайқорық картада
Шайқорық
Шайқорық

ШайқорықЖамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде, баялыш, күйреуік, тағы басқа шөптесін өскен сұр, шалғынды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы

Саны (2009, 2021)[1]
2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
4141 4417 106,7 2065 2204 106,7 2076 2213 106,6

Тарихы

Іргесі 19 ғасырдың 2-жартысында қаланған. 1929 жылы Шайқорық ауылында Шайқорық ұжымшары ұйымдасты. 1953 жылы Шайқорық “Бесжылдық” ұжымшарына қосылды. 1961 жылы Шайқорық ауылы негізінде Жамбыл жеміс-жүзім кеңшары құрылды. Оның негізінде Шайқорықта 1997 жылдан “Шербет” ЖШС, “Шайқорық”, тағы басқа шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Ертеде қазіргі Шайқорық ауылында шай шөбі өскен. Оны жергілікті тұрғындар қорып, күткен. Шайқорық деген атау содан қалған. Ауа райының, экологоияның бұзылуына байланысты шай шөбі қазіргі кезде өспейді.[2]

Дереккөздер

  1. 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
  2. Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!