Шәкен Ниязбеков ауылы (2021 жылға дейін – Бесжылдық)[1] — Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округінің құрамында.
Географиялық орны
Аудан орталығы — Аса ауылының шығысында 15 км жерде, құрғақ қоңыржай-жылы агроклиматтық белдемде орналасқан. Топырағында жусан, баялыш, күйреуік, бетеге, бидайық, т.б. астық тұқымдас шөптер өседі.
Халқы
Саны (2009, 2021)[2]
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
1371 |
▲1478 |
107,8 |
669 |
▲770 |
115,1 |
702 |
▲708 |
100,9
|
Бесжылдықта шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.[3]
Ауыл маңы табиғаты
Ақтөбе қалашығы - ауылдан 0,5 км жерде.
Машахай төбесі - ауылдан 5 км жерде орналақан, биіктігі 5 м, төбесі қазіргі кезде бейіт.[4]
Дереккөздер