Үлкен Диқан — Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Кіші Диқан ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Шонжы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 109 км, округ орталығы Кіші Диқан ауылынан шығысқа қарай 6 км жерде, Кетпен (Ұзынқара) жотасының солтүстік беткейінен бастау алатын Сұнатсай өзенінің жағалауында орналасқан.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
957 |
▲992 |
▼886 |
89,3 |
514 |
▼471 |
91,6 |
478 |
▼415 |
86,8
|
Тарихы
Іргесі 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1930-1996 жылдары аралығында қой өсірумен айналысатын “Октябрь” ұжымшары бөлімшесі болды. Ұжымшар негізінде Үлкен Диқанда 1996 жылдан шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.[3]
Дереккөздер