Шошанай — Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Шонжы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км, округ орталығы Сүмбе ауылынан батысқа қарай 6 км жерде, Шошанай өзенінің бойында, тау алды жазығында орналасқан.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
735 |
▼732 |
▼650 |
88,8 |
381 |
▼352 |
92,4 |
351 |
▼298 |
84,9
|
Тарихы
Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұйымдастыру кезеңінде қаланған. 1932-1996 жылдары аралығында қой өсірумен айналысқан ұжымшар бөлімшесінің орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылы Шошанайда шаруа қожалықтары құрылды.[3]
Дереккөздер