Бахар — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл, Бахар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Шонжы ауылының солтүстігінде 3 км-дей жерде орналасқан. Қарадала алқабының қиыршық тасты сұр және қоңыр топырақты агроклиматтық белдемінде жатыр. Өзен аңғарында құрақ, ши, қалған жерінде астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өседі.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
1974 |
▼1796 |
▲1885 |
105 |
900 |
▲964 |
107,1 |
896 |
▲921 |
102,8
|
Инфрақұрылымы
Бахарда әр түрлі бағыттағы бірнеше шаруашылық қожалықтары жұмыс істейді. Орта мектеп, фельдшерлік пункт бар. Тұрғындары басқа ауылдармен автомобиль жолы арқылы қатынасады.[3]
Дереккөздер