Кетпен — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл, Кетпен ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Шонжы ауылынан шығысқа қарай 95 км жерде, Кетпен (Ұзынқара) жотасының солтүстік бөктеріндегі Үлкен Кетпенсай өзені аңғарында, бұта аралас сұлыбас, қылқан боз, көде, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптер өскен қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты тау алды жазығында орналасқан.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
2728 |
▼2689 |
▼2564 |
95,4 |
1355 |
▼1319 |
97,3 |
1334 |
▼1245 |
93,3
|
Тарихы
Іргесі 1930 жылы “Красное Знамя” қой өсіретін ұжымшар орт. ретінде қаланды. Оның негізінде Кетпенде 1997 жылдан шаруа қожалықтары мен серіктестіктер құрылды. Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдш.-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.[3]
Дереккөздер