Тасқарасу — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл, Тасқарасу ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Шонжы ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде, Шарын өзенінің жағалауында орналасқан.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
3114 |
▼2820 |
▲2981 |
105,7 |
1399 |
▲1544 |
110,4 |
1421 |
▲1437 |
101,1
|
Тарихы
1960-1997 жылы жүгері өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы Тасқарасуда және округке қарасты Іле ауылында бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Ауыл арқылы мемлекеттік маңызы бар Алматы – Шонжы – Жаркент – Қорғас автомагистралі өтеді.[3]
Дереккөздер