Қазақстан — Тәжікстан қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы екіжақты дипломатиялық қатынастар. 1993 жылы 7 қаңтарда орнатылды[1]. Екі ел де бұрын кеңестік республикалар болған. Енді олар БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ сияқты өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара іс-қимыл жасайды.
Тәжікстан елшілігі Астанада 1993 жылдың маусымынан бастап жұмыс істейді. Қазақстанның Душанбедегі дипломатиялық өкілдігі 1998 жылғы сәуірден бастап жұмыс істейді, алайда ол 2001 жылғы қаңтарда елшілік мәртебесін алды.
Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон 1993 жылы ресми сапармен Қазақстан астанасына барды. Осы сапар барысында Тәжікстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастардың негіздері туралы шартқа қол қойылды. Тәжікстан басшысының Қазақстанға келесі сапарлары 1995 және 2008 жылдары өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәжікстанға ресми сапарлары 2000 жылдың маусымында және 2007 жылдың қыркүйегінде өтті.
1995 жылы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құрылды. Өткен комиссия отырыстары 1998, 2001, 2004, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011 Қазақстан мен Тәжікстан астаналарында екі елдің қарым-қатынасында маңызды рөл атқарды.
Тәжікстан мен Қазақстан ынтымақтастығының шарттық-құқықтық базасы 1993 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі кезеңде қол қойылған 75 құжаттан тұрады, оның 50-і елдер арасындағы өзара іс-қимылдың көптеген салаларын қамтиды.
Экономикалық ынтымақтастық
Тәжікстан Қазақстанға электр энергиясын,мақта, алюминий бұйымдарын, тоқыма материалдарын жеткізеді. Тәжікстан Қазақстаннан астық, ұн өнімдері, мұнай өнімдерін сатып алады. 2007 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың Душанбеге сапары барысында Қазақстан-Тәжікстан тікелей инвестициялар қорын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
2013 жылы республикалар арасындағы тауар айналымы 700 млн АҚШ долларынан асты. Бұл көрсеткішті миллиард долларға жеткізгісі келетіні жарияланды[2].
Қазақстанның Тәжікстандағы елшілері
Аманжол Жанқұлиев (2001-2003)
Еран Әбілдаев (2004-2008)
Абдулталип Ақметов (2008-2011)
Әбігай Смақұлов (2011-2017)
Асқар Тәжібаев (18 наурыз 2019 ж. - 14 наурыз 2022)
Уәлихан Төреханов (15 наурыз 2022 - қазіргі уақыт)[3]