Орталық Азияның ең маңызды қалалары — Самарқан мен Бұхара — қазіргі Өзбекстан құрамына кіреді, ол қалаларда этникалық тәжіктер басым көпшілігін құрайды. Бүгінгі күні Бұхарадағы тәжік тілінде сөйлейтіндердің барлығы тәжік пен өзбек тілдерінің екеуінде де сөйлейді. Бұл тәжік-өзбек қостілділігі Бұхар тәжіктерінің фонологиясына, морфологиясына және синтаксисіне қатты әсер етті.[4]
Тілі құрылымдық жағынан флективті-аналитикалық тілдер тобына жатады. Септік жалғау мағынасы синтаксистік тәсіл арқылы беріледі, есімдер изафет арқылы байланысады. Етістіктің рай, шақ категориялары бар. Сөздік құрамында араб, орыс, өзбек тілдерінен енген сөздер жиі кездеседі. Ежелгі жазба ескерткіштері IX-шы ғасырдан бастау алады. Жазуы сан ғасырлар бойы араб жазуына, 1930 жылдан латын әліпбиінде және 1940 жылдан бастап кириллицаға негізделген.[9]
Тәжік Уикипедиясы (Википедияи Тоҷикӣ / Vikipediai Tojikī) — Уикипедия онлайн-энциклопедиясының тәжік тіліндегі нұқсасы. 2004 жылдың 27 қаңтарында құрылды.