Қазақстан — Ливия қатынастары

Қазақстан — Ливия қатынастарыҚазақстан Республикасы мен Ливия Республикасы арасындағы қатынастар

Дипломатия

Қазақстан Республикасы мен Ливия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 13 наурызда орнатылды.

Ливияның Елшілігі Алматы қаласында 1992 жылыашылды.Қазақстанның Ливиядағы Дипломатиялық миссиясы 2003 жылдан бастап жұмысістеді. Ливияда революциялық оқиғалар басталуына байланысты, еліміздіңөкілдігі 2011 жылғы қазан айында жабылды.

Қазіргі уақытта, аталған мемлекетте еліміздің мүддесін Мысырдағы ҚР Елшілігі білдіреді.

Ливияның Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі - Зияд Абдулазиз.

Саяси-экономикалық байланыстар

2000 ж. 7-10 қарашада Ливия Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Саад Мұстафа Мужбирдің Қазақстанға сапары екіжақты қарым-қатынастардың дамуына серпін берді. Сапар барысында Ливиялық дипломат ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қабылдауында болды.

Өткен жылдар ішінде тараптар әртүрлі деңгейлердегі сапарлармен алмасты. ҚР Мәжіліс Төрағасының орынбасары М.Көпейдің басшылығымен Парламенттік делегацияның Ливияға сапары болды (2002 ж. қарашасында), екі ел арасындағы мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты қалыптастыру мен жандандыру мақсатында Ливияға «ҚазМұнайГаз» АҚ екі делегация (2004 ж. маусым және 2013 шілде), Ливия Сыртқы істер министрлігінің делегациясы Астанада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ұлықтау рәсіміне қатысты (2006 ж. қаңтар), Ливия Бүкілхалықтық сыртқы байланыстар және халықаралық ынтымақтастық комитетінің делигациясы (2008 ж. қазан) барып қайтты.

Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ және ІІІ Съездердін жұмысынаТриполи қаласындаорналасқан Дүниежүзілік Ислам уағызы ассоциациясының делигациялар қатысты.

1992 ж. Қазақстанға Ливияның Қаржы министрінің сапары болды. Сапар барысында Қазақстан-Ливия бірлескен үкіметаралық комиссиясын құру жөніндегі келісімге қол қойылды.

2003 ж. қаңтарда Триполиде және 2007 ж. қарашада Астанада Қазақстан-Ливия бірлескен үкіметаралық комиссиясының екі отырысы өткізілді.

2012-2014 жылдар арасындақазақстандық «Қазмұнайгаз»АҚ-ның еншілес компаниясы «The Rompetrol Group» (2015 ж. наурыз айынан бастап «KazMunayGas International» аталады), Ливияда 2011 жылда азаматтық соғысына орай тоқтатып қойлғанжербұрғылау жұмысың қайта жалғастырылды .Жылдық өндіріс бос тұруына қарамастан,қазақстандық компаниясы 100-ден астам бұрынғы Ливиялық жұмыскерлерге әлеуметтік көмек және жалақы төлеу қамтамасыз еткен.

Екі ел арасындағы тауар айналымның көлемі 2014 жылы -1,8 млн. долл. және 2015 жылы – 0,4 млн. долл. құрады (негізінде ҚР экспорты). [1]

Дереккөздер

  1. ҚР СІМ Қазақстан Республикасы мен Либия арасындағы қатынастар  (қаз.). Тексерілді, 17 қыркүйек 2023.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!