Шөлқұм — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Шәкен ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен солтүстікке қарай 57 км-дей жерде, Арал қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 182 адам (105 ер адам және 77 әйел адам) болса, 2009 жылы 142 адамды (80 ер адам және 62 әйел адам) құрады.[1]
Дереккөздер