Басқа мағыналар үшін Жанкент деген бетті қараңыз.
Жанкент (2018 жылға дейін — Өркендеу)[1] — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Өркендеу ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 22 км жерде орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1580 адам (836 ер адам және 744 әйел адам) болса, 2009 жылы 1405 адамды (737 ер адам және 668 әйел адам) құрады.[2]
Тарихы
Ауыл 1968 – 1997 жылдары күріш өсіретін кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Өркендеуде АҚ және шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Дереккөздер