Басқа мағыналар үшін Тасөткел деген бетті қараңыз.
Тасөткел (2018 жылға дейін — Отгон)[1] — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Тасарық ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2018 жылға дейінгі "Отгон" атауы өзгертіліп, ауылға бұрынғы атауы қайтарылды.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 56 км-дей жерде, Қуаңдария арнасының бойында орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 78 адам (44 ер адам және 34 әйел адам) болса, 2009 жылы 46 адамды (24 ер адам және 22 әйел адам) құрады.[2]
Дереккөздер