Басқа мағыналар үшін Ақтан деген бетті қараңыз.
Ақтан батыр — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Көларық ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде орналасқан.[1]
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1562 адам (800 ер адам және 762 әйел адам) болса, 2009 жылы 1208 адамды (608 ер адам және 600 әйел адам) құрады.[2]
Тарихы
1959-1996 жылдары күріш өсіретін 22 партсъезд атында кеңшардың орталығы болып келді. Кеңшар негізінде Ақтан Батыр ауылында және округке қарасты Мырзабек, Шерекен елді мекендерінде 1996 жылы шаруа қожалықтары құрылды. Ақтан Батыр аталуы осы өңірдегі Түлкіқашқан деген жерде (Сырдарияның Тілесарық тармағы бойында) 1770 жылы дүниеге келген Ақтан батырдың есімімен байланысты.[3]
Дереккөздер