Бекарыстан би ауылы — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Майдакөл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен батысқа қарай 44 км-дей жерде, Сырдария өзенінің сол жағасында орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2911 адам (1547 ер адам және 1364 әйел адам) болса, 2009 жылы 2642 адамды (1425 ер адам және 1217 әйел адам) құрады.[1]
Тарихы
1994 жылы ауылдың Карл Маркс (Октябрь) атауы өзгертіліп, Сыр бойының белгілі биі әрі батыры Бекарыстан Амалдықұлының есімі берілді. Іргесі 1932 жылы қаланған. 1932 жылы «Үлгі бол», «Жаңа еңбек» серіктестіктері құрылды. 1933 жылы олар бірігіп, «Жаңатұрмыс» ұжымшары болды. 1939-61 жылдары «Октябрь», 1961 жылы К.Маркс атындағы ұжымшардың орталығы болған. [2]
Дереккөздер