Сад сүресі

Сад сүресі — ص

Сүренің арабша мәтіні
Атауының мағынасы

Сад

Жіктелуі

Меккелік

Жерге түсірілу реті

38

Статистика
Сүре нөмірі

38

Аяттар саны

88

Джуз

23

Хизб

46

Рукуғ саны

5

Сәжде саны

38:24 [1]

Сөз саны

832

Әріп саны

3029

Муқаттаға әріптері

Сад

Алдыңғы сүре

Саффат сүресі

Келесі сүре

Әз-Зумар сүресі

Аударма

QuranAcademy.org
Kuran.kz

Аудио

Фалак.ru


                                   

Сад сүресі (араб. صСад) — 38-ш Құран сүресі. 88 аяттан тұрады және 1 сәжде.

Cүре жайлы

ص~ وَالْقُرْآنِ ذِي الذِّكْرِ

38:01 Сад. Үгіт толы Құранға серт. (38:01)

بَلِ الَّذِينَ كَفَرُوا فِي عِزَّةٍ وَشِقَاقٍ

38:02 Әрине қарсы болғандар, дандайсып, тартысуда. (38:02) (Мына туыстарын оқы 2:137,176;22:53;41:52)

o كِتَابٌ أَنزَلْنَاهُ إِلَيْكَ مُبَارَكٌ لِّيَدَّبَّرُوا آيَاتِهِ وَلِيَتَذَكَّرَ أُوْلُوا الْأَلْبَابِ

38:29 (Мұхаммед Ғ.С.) саған бір мүбарак Кітап түсірдік; аяттарын түсінсін әрі ақыл иелері үгіт алсын. (38:29)

قَالَ رَبِّ اغْفِرْ لِي وَهَبْ لِي مُلْكًا لَّا يَنبَغِي لِأَحَدٍ مِّنْ بَعْدِي إِنَّكَ أَنتَ الْوَهَّابُ

38:35 “Раббым! Мені жарылқа. Маған, менен кейін ешкімге нәсіп болмайтын патшалық бер. Әрине Сен өте жомартсың” деді. (38:35)

فَسَخَّرْنَا لَهُ الرِّيحَ تَجْرِي بِأَمْرِهِ رُخَاءً حَيْثُ أَصَابَ

38:36 Сондықтан қалаған жерге жетуге, бұйрығымен оңай жүретін желді бағындырдық. (38:36)

Дәуіт пағамбар

Аллаһ Тағала Дәуіт пайғамбарғы жан-жануарлардың тілін түсіну қабілетін ашады.

"(Мұхаммед Ғ.С.) олардың айтқандарына сабыр ет. Мықты құлымыз Дәуіт (Ғ.С.) ті есіңе ал! Өйткені ол, өте бой ұсынушы. (38:17)

Рас оған тауларды бағындырдық. Олар онымен бірге іңірде әрі сәскеде Алланы дәріптейтін еді. (38:18)

Оған құсты тобымен бағындырдық. Барлығы Алланы дәріптеуші еді. (38:19)

Оның патшалығын күшейтіп, оған даналық, сондай-ақ дауға билік айту қабілетін бердік. (38:20)

Саған даушының хабары келді ме? Сол уақытта дуардан асып бөлмеге кіріп келген еді. (38:21)

Олар Дәуіт (Ғ.С) ке кірген сәтте, сонда олардан абыржып қалды. Олар: “Қорықпа, бір-біріне өктемдік еткен екі даушымыз. Арамызға туралықпен билік қыл. Шатаспа да бізді тура жолға сал” деді. (38:22)

“Рас мына туысымның тоқсан тоғыз саулығы бар еді де менің бір саулығым бар еді. Сонда да ол, “Оны маған тапсыр” деп, сөз бойынша өзіме өктемдік істеді.” (38:23)

Дәуіт (Ғ.С.): “Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарыңның үстіне сұраумен саған зұлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болғандардың көбі, әрине бір-біріне қаралық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылдық істегендер басқа. Олар азғантай” деді. Дәуіт (Ғ.С.) шын мәнінде өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып, бой ұсынды. (38:24)

Сонда оны жарылқадық. Шәксіз оның Біздің қасымызда әлбетте жақындығы, көркем келешегі бар. (38:25)

Әй Дәуіт! Сені жер жүзінде меңгеруші қылдық. Сондықтан адамдардың арасына ақиқатпен үкім ет, ойға ерме. Онда сені Алланың жолынан адастырады. Шәксіз Алланың жолынан адасқандар, есеп күнін ұмытулары себепті оларға қатты азап бар. (38:26)"

Сүлеймен пайғамбар

"Дәуіт (Ғ.С.) ке Сүлеймен (Ғ.С.) ді бердік. Ол не деген жақсы құл еді. Рас ол өте бағынышты. (38:30)

Сол уақытта бір кеште Сүлеймен (Ғ.С.) ге сәйгүлік жүйріктер келтірілді (38:31)

“Сөз жоқ, мен Раббымды еске алу үшін атты өте жақсы көремін” деді. Ақыр тұлпарлар көзден ғайып болған сәтте: (38:32)

“Оны маған қайтарып әкеліңдер” (деп,) сонда аяқтарын, мойындарын сипай бастады. (38:33)

Расында Сүлеймен (Ғ.С.) ді сынап тағының үстіне бір дене қойдық. Сосын ол, тәубе қылды. (38:34)

“Раббым! Мені жарылқа. Маған, менен кейін ешкімге нәсіп болмайтын патшалық бер. Әрине Сен өте жомартсың” деді. (38:35)

Сондықтан қалаған жерге жетуге, бұйрығымен оңай жүретін желді бағындырдық. (38:36)

Әр түрлі құрылыс жасаушы және сүңгігіш шайтандарды бағындырдық. (38:37)

Ал басқа біреулері шынжырларда матаулы еді. (38:38)

“Бұл Біздің бергеніміз. Ал енді қалағаныңа бер. Немесе бермей ұстап тұр, есеп емес.”,-(дедік). (38:39)

Күдіксіз ол үшін қасымызда жақындық әрі көркем келешегі бар. (38:40)"

Ілияс пайғамбар

"(Мұхаммед Ғ.С.) құлымыз Ыбырайым, Ысхақ және Яғқұп (Ғ.С.) ты есіңе ал. Олар мықты да қырағы еді. (38:45)

Расында Біз оларды нағыз ақыретті еске алуға арнадық. (38:46)

Сөз жоқ, олар, қасымызда таңдаулы игі-жақсылардан. (38:47)

(Мұхаммед Р.С.) Ысмайыл, Ілияс және Зүлкәфіл (Ғ.С.) ді де есіңе ал. Барлығы жақсылардан еді. (38:48)"

Сілтемелер

Алдыңғы сүре:
ас-Саффат сүресі
Құран - 38 сүре Келесі сүре:
Зумәр сүресі
Арабша мәтіні — Қазақ тілі

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114

Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу

Дереккөздер



Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!