Аят (араб.: آية, белгі, кейде өлең деп те аударылады) — Құран сүрелерінің қысқа, дербес бөлігі. Құран 114 сүреден (тараудан) тұрады.[1] Ол сүрелер (Фатихадан өзгесі) ұзақтығы, көлемі бойынша белгілі бір тәртіппен орналасқан. Ал әрбір сүре аятқа бөлінеді. Аятты сөйлем немесе сөйлемнің бір бөлшегі, яғни сөз тіркестері деп те айтуға болады. Құранның көп бөлігі ұйқасқан қара сөздер арқылы жазылған, яғни бірнеше аяттың соңы бірыңғай буында құралып отырады. Ең ұзақ сүреде 286 аят бар. Аяттарда бір сөзден 68 сөзге дейін болуы мүмкін. Құранда барлығы 6204-тен 6236-ге дейін (әртүрлі есептер бойынша) Аятта, 77934 сөз бар.[2]
Құрандағы сәжде аяттары
Олар:
Ағраф 206,
Раъд 15,
Нахл 41,
Исра 107,
Мәрйәм 58,
Хаж 18,
Фурқан 60,
Нәмл 25,
Сәжде 15,
Сад 24,
Фуссиләт 37,
Нәжм 62,
Иншиқақ 21,
Ъалақ 19.
Ислам шариғаты бойынша осы сәжде аяттарының қайсы бірін оқыған не естіген адамға тіләуәт сәждесін жасау уәжіп болып есептеледі.
Құранда 114 сүре бар, 6 236 аят бар, “Құран Кәрім” сөзі 79 000 рет қайталанған және Құранда 323 670 әріп бар.
Бір мұсылман Құранды толық оқып шықса әр әрпіне 10 сауаптан алады. Яғни 323 670 х 10 тең 3 236 700 болады екен. Демек Құранды толық оқып шықсаңыз 3 236 700 сауапқа ие болады. [3]
Құранда қанша аят бар?
Құранда қанша аят бар екендігі жайлы ғалымдардың бірнеше пікірлері бар.
Бұның себептері кей ғалымдар ұзын сөйлемді бірнеше сөз деп есептесе, кейбірі бір аят деп есептеген. Шафиғи ғалымдары аяттардың басындағы бисмиллә сөзін сүренің ішінде деп есептесе, Ханафи ғалымдары бисмиллә сөзін бөлек бір аят деп есептеген. Сол секілді «Я-син»,
«Ха-Мим» секілді әріптерге байланысты осындай пікірлер бар.
Ибн Аббас Құранда 6616 аят,
Нафи 6217,
Шәйбә 6214,
Мысыр ғалымдары 6226,
Араб тілі және әдебиетін жақсы меңгерген риторик ғалым Замахшари Құранда 6666 аят бар деген пікірлер айтқан.
Ибн Хузайма «ән-Насиху уәл Мансуху» кітабында Құранда 6666 аят бар деген тоқтамға келіп, аяттарды мына төмендегідей бөліктерге бөлген: