Рум сүресі

Рум сүресі — الروم

Сүренің арабша мәтіні
Атауының мағынасы

Римдіктер

Жіктелуі

Меккелік

Жерге түсірілу реті

84

Статистика
Сүре нөмірі

30

Аяттар саны

60

Джуз

21

Хизб

41

Рукуғ саны

6

Сөз саны

819

Әріп саны

3534

Муқаттаға әріптері

Әлиф, Ләм, Мим.

Алдыңғы сүре

Әл-Анкәбут сүресі

Келесі сүре

Лұқман сүресі

Аударма

QuranAcademy.org
Kuran.kz

Аудио

Фалак.ru


                                   

Рум сүресі (араб. الرومРимдіктер) — 30-ш Құран сүресі. 60 аяттан тұрады.

Сүре аудармасы

Әлиф Ләм Мим. (1)

Рұм жеңілді. (2)

Ең жақын жерде олар жеңілгеннен кейін жедел жеңіске ие болады. (3)

Бірнеше жылдың ішінде. Іс бұрын да кейін де Алланың еркінде. Сол күні мүміндер де қош болады. (4)

Алланың жәрдемімен. Ол, кімді қаласа, жәрдем етеді. Ол аса үстем, ерекше мейірімді. (5)

Бұл Алланың уәдесі. Алла уәдесінен айнымайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді. (6)

Олар дүние тіршілігінен көрініп тұрғанын біледі де өздері ақыреттен кәперсіз. (7)

Алла (Т.) Көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындықпен белгілі бір мерзім үшін жаратты. Өздері жайында ойламай ма? Шынында адамдардың көбі Раббыларына жолығуға қарсы келеді. (8)

Олар жер жүзінде кезіп, өздеріне бұрынғылардың соңының не болғанын көрмей ме? Негізінен олар, бұлардан күштірек еді де олар, жерді қопарып, олар оны; бұлардың дамытуынан көрі көбірек дамытқан еді. Оларға ашық дәлелдер мен елшілер де келген еді. Сонда Алла, Оларға зұлымдық еткен емес. Бірақ олар өздеріне зұлымдық етті. (9)

Сосын жамандық істегендердің соңы; Алланың аяттарын жасынға шығарып, оны мазақ қылғандықтары үшін жаман болды. (10)

Алла (Т.) баста жаратады да сосын қайтаратын да өзі. Және Ол жаққа қайтарыласыңдар. (11)

Қиямет-қайым болған күні күнәкарлар күдер үзеді. (12)

Оларға, Аллаға қосқан ортақтарынан шапағатшы болмайды да өздері ортақтарына қарсы шығады. (13)

Қиямет-қайым болған күні, сол күні; (Кәпір, Мұсылман) айрылады. (14)

Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер; бір бақшада сыйланады. (15)

Ал енді сондай қарсы келіп, ақыретте Маған жолығуды жасынға шығарғандар, міне солар; тозаққа әзір түрде қойылады. (16)

Ендеше түнеген мезгілде әрі таң атырған уақытта Алланы пәктеңдер. (17)

Көктер мен жерде, кешке және түскі уақытқа кіргенде, барлық мақтау Аллаға лайық. (18)

Ол, өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарады да жерді өлгеннен кейін жандандырады. Сол сияқты сендер де (қабірден) шығарыласыңдар. (19)

Оның белгілерінен бірі; сендерді топырақтан жаратуы. Сосын сендер адам болып, тарқаласыңдар. (20)

Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар. (21)

Көк Құран, 30 сүре, 28-32 аяттар. Метрополитен өнер мұражайы, Нью Йорк (Метрополитен (Мұражайы))

Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің түстеріңнің, қарама-қарсылығы да Оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер үшін белгілер бар. (22)

Күндіз-түнде ұйықтауларың, сондай-ақ Алланың кеңшілігін іздеулерін де, Оның белгілерінен. Күдіксіз бұларда тыңдаған қауым үшін белгілер бар. (23)

Сендерге үрейлену, дәмету түрінде найзағайды көрсетуі, көктен жаңбыр жаудырып онымен өлгеннен кейін жерді жандандыруы да Оның белгілерінен. Рас бұлар да ақыл жұмсаған халыққа үлгілер бар. (24)

Көк пен жердің Оның әмірінде тұруы да Оның белгілерінен. Сосын сендерді жерден бір шақырумен шақырған сәтте, дереу сендер шыға келесіңдер. (25)

Көктер мен жердегі әркім Онікі. Тұтас Оған бой ұсынады. (26)

Сол, сондай жоқтан бар етіп, сосын қайта жаратады. Бұл Оған оңай. Әрі көктер мен жердегі жоғары сипат Оған тән. Ол өте үстем, хикмет иесі. (27)

Ол, сендерге өздеріңнен мысал келтіреді: Сендерге Біз берген несібе де қол астарыңдағы құлдар да сендер мен тең ортақ болып, олардан өздеріңнен жасқанғандай жасқанасыңдар ма? Осылайша аяттарымызды ақыл жұмсаған елге егжей-тегжейлі баян етеміз. (28)

Әрине залымдар, білмесе де көңілдері тартқан жаққа кеткен. Алла адастырған кісіге кім тура жол көрсетеді. Сондай-ақ оларға ешбір жәрдемші жоқ. (29)

(Мұхаммед Ғ.С.) бәрінен бет бұрып, жүзінді Ислам дініне жөнелт. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді. (30)

Аллаға бой ұсынған түрде Одан қорқа отырып, намазды орындаңдар. Әрі ортақ қосушылардан болмаңдар. (31)

Сондай олар діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларына мәз болғандар. (32)

Қашан адам баласына бір бейнет жетсе, олар Раббыларына ықыласпен жалбарынады. Сосын Алла, қашан оған өз тарапынан бір мәрхамет таттырса, сонда олардың кейбіреулері, Раббыларына ортақ қосады. (33)

Бұны, оларға берген несібемізге нәсүкірлік ету үшін істейді. Я енді пайдалана тұрыңдар, таяуда түсінерсіңдер. (34)

Немесе оларға, Аллаға ортақ қатуларын айтатын бір дәлел түсірдік пе? (35)

Қашан адам баласына бір жақсылық татырсақ; сонда ол, оған мәз болады да егер өздерінің қолекі істегендерінің салдарынан бір жамандық келсе, сонда олар күдер үзеді. (36)

Расында Алла қалаған құлына несібесін кеңітіп, тарайтқанын көрмей ме? Күдіксіз бұнда сенген қауымға белгілер бар. (37)

Ендеше жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға хақысын бер. Алланың ризалығын көксегендер үшін осы жақсы. Міне солар құтылушылар. (38)

Сендердің адамдардың малына берген өсімдерің Алланың қасында өспейді де Алланың ризалығын тілеп берген зекеттерің өседі. Ал сонда, міне солар; артықша сауапқа бөленушілер. (39)

Ол Алла, сендерді жаратып, сосын ризық береді, одан кейін өлтіреді, соңыра тірілтеді. Ал сендердің Аллаға қосқан ортақтарыңнан, осылардан бір нәрсе істейтін кім? Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк әрі жоғары. (40)

Адамдардың қолекі істегендерінің кейбірінің сазайын татыру үшін құрылықта әрі теңізде бұзықтық шықты. Мүмкін олар, бағыттарынан қайтар. (41)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Жер жүзінде кезіңдер де бұрынғылардың соңы не болды көріңдер” де. Олардың көбі Аллаға серік қосушы еді. (42)

Алладан тойтарылмайтын күн келуден бұрын жүзіңді тұп-тура дінге жөнелтіп, мықты тұр. Ол күні олар айрылады. (43)

Кім қарсы болса, қарсылығы өзіне. Ал және кім түзу іс істесе, сонда ол өзі үшін рахат орын әзірлеген болды; (44)

Өстіп Алла иман келтіріп, түзу іс істегендерге өз кеңшілігінен сыйлық береді. Рас Ол, қарсы келгендерді жақсы көрмейді. (45)

Сендерге игілік татыру үшін қуантушы самалдар жіберуі, кеңшілігінен несібе іздеулерің үшін өз әмірімен кемені жүргізуі Оның белгілерінен. Әрине шүкір етерсіңдер. (46)

Әрине сенен бұрын да олардың елдеріне елшілер жібердік; Оларға дәлелдер келтірді. Сонда олардың күнәкарларының сазайын тарттырдық. Сондай-ақ мүміндерге жәрдем ету бізге міндет. (47)

Ол сондай Алла, желдерді жібереді де бұлттарды жүргізіп, оны қалауы бойынша аспанда жаяды. Және бұлтты бөлшектейді. Сонда оның араларынан жаңбырдың шыққанын көресің. Сонда ол, жаңбырды құлдарынан қалағанына жеткізеді. Сол уақытта олар қуанышқа ие болады. (48)

Негізінен олар өздеріне жаңбыр келуден бұрын әлде қашан күдер үзген болатын. (49)

Алланың рахметінің әсерлеріне қара. Жер жүзі өлгеннен кейін оны қалай жандандырды. Рас Ол, өлілерді тірілтеді, Оның әр нәрсеге күші толық жетеді. (50)

Әлбетте бір жел жіберсек те сонда егіннің сарғайғанын көрсе, әрине олар, одан кейін қарсы шығады. (51)

(Мұхаммед Г.С.) рас сен өліктерге естірте алмайсың. Сондай-ақ бет бұрып, кетіп бара жатқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың. (52)

Соқырды да адасқан жағынан тура жолға сала алмайсың. Аяттарымызға иман келтіріп өздері бой ұсынған кісілерге ғана естірте аласың. (53)

Ол сондай Алла; сендерді әлсіз жаратып, сосын әлсіздіктен кейін күш беріп, сосын күштен кейін нашарлатып, кәртейтті. Ол, қалағанын жаратады. Сондай-ақ Ол, аса естуші, тым күшті. (54)

Қиямет-қайым болатын күні, күнәкарлар, (өлгеннен қияметке дейін) бір сағаттан басқа тұрмадық деп, ант ішеді. Осылайша олар, (дүниеде де алданып,) адасқан еді. (55)

Ал ғылым және иман берілгендер: “Расында Алланың жазуындағы тірілетін күнге дейін тұрдыңдар, тірілетін күн осы. Бірақ сендер білмейтін едіңдер” дейді. (56)

Енді сол күні, зұлымдық қылғандардың сылтаулары пайда бермейді. Олардан бір игілікте күтілмейді. (57)

Расында бұл Құранда адам баласы үшін әр түрлі мысал бердік. Оларға бір белгі келтірсең де қарсы келгендер: “Сендер бұзушы ғанасыңдар” дейді. (58)

Осылайша Алла, білмегендердің жүректерін бітейді. (59)

(Мұхаммед Ғ.С.) енді сабыр ет. Алланың уәдесі хақ. Сенбегендер сені оңай көрмесін. (60)

Сілтемелер

Алдыңғы сүре:
әл-'Анкәбут сүресі
Құран - 30 сүре Келесі сүре:
Луқман сүресі
Арабша мәтіні — Қазақ тілі

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114

Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу

Дереккөздер



Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!