Басқа мағыналар үшін Ақой деген бетті қараңыз.
Ақой (2004 жылға дейін — Просторное)[1] — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Ақой ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 85 км-дей жерде.
Тарихы
Іргесі «Қарлагтың» қосалқы шаруашылығы ретінде өткен ғасырдың 40-жылдары қаланған. 1958 жылы «Просторненский» кеңшары құрылған. Бұрынғы атауы Просторное 2001 жылы Ақой болып өзгертілді. 1960-1990 жылдары «Просторное» асыл тұқымды мал зауыты және ауылдық кеңестің орталығы болды. Жерінің жалпы ауданы - 98,0 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — қазақтың асыл тұқымды ақбас сиыр тұқымын өсіру, қосымша саласы көкөніс, картоп өсіру болды. Кеңшар негізінде 38 шаруа қожалығы құрылған (2006).
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[2][3]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
972 |
▼715 |
▼539 |
75,4 |
370 |
▼279 |
75,4 |
345 |
▼260 |
75,4
|
Инфрақұрылымы
Округ елді мекенінде (Ақой ауылы) мәдениет үйі, кітапхана, орта мектеп, пошта, байланыс бөлімшелері бар. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Қарағанды—Жезқазған автожолдары округ орталығы арқылы өтеді. Ең жақын Сәкен Сейфуллин (Жарық) темір жол стансасы 30 км жерде.[4]
Дереккөздер