Басқа мағыналар үшін Жұмыскер деген бетті қараңыз.
Жұмыскер — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Тағылы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
1007 |
▼788 |
▼667 |
84,6 |
412 |
▼341 |
82,8 |
376 |
▼326 |
86,7
|
Тарихы, шаруашылығы
Іргесі ұжымдастыру кезінде 1933 жылы қаланған. Округ аумағында 20 ғ-дың 1930-1960 жылдары аралығында Қызылту, Қарасаз, Абай ұжымшарлары ұйымдастырылған. 1960-1990 жылдары Октябрьдің 40 жылдығы атындағы кеңшардың және Тағылы ауылдық кенесінің орталығы болды. Жерінің жалпы ауданы — 500,0 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — етті мүйізді ірі қара өсіру, қосымша саласы – жылқы шаруашылығын өсіру.
Инфрақұрылымы
Округтің елді мекендерінде (Жұмыскер, Қойтас, Қызылту ауылдары) 4 мектеп, ФАП, клуб, кітапхана. Кеңшар негізінде 52 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Ақадыр т. ж. стансасы 60 км жерде.[3]
Дереккөздер