Басқа мағыналар үшін Қызылтау деген бетті қараңыз.
Қызылтау — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Кәрім Мыңбаев ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Қызылтау, Ақтау, Ортау тауларының етегінде, аудан орталығы – Ақсу-Аюлының оңтүстік-батысында 170 км, Қарағандының оңтүстік-батысында 250 км жерде орналасқан.
Тарихы
Іргесі 1953 жылы қаланған. Округ аумағында өткен ғасырдың 40-53 жылдары «Карлаг» бөлімшесі болған. 1953 жылы жабылған «Карлагтың» қосалқы шаруашылығы негізінде кеңшар құрылған. 53 – 95 жылдары Кәрім Мыңбаев атындағы кеңшардың және Қызылтау ауылдық кеңесінің орталығы болды. Шаруашылығының мамандандырылған негізгі бағыты – еділбай тұқымды қой шаруашылығы, қосымша саласы – асыл тұқымды мұғалжар жылқысын өсіру. Округтегі қой тұқымы мен жылқы тұқымын асылдандырудың негізін қалаған академик Кәрім Мыңбаев. Осы мақсаттарда бетпақдала тәжірибе станциясы жұмыс атқарған. Жерінің жалпы ауданы 401 мың га. Округтің аумағында мал өсірумен отырған шаруақожалықтарының 15 қыстағы бар. Кеңшардың негізінде 25 шаруа қожалығы құрылған (2006).
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
528 |
▼352 |
▼123 |
34,9 |
169 |
▼70 |
41,4 |
183 |
▼53 |
29
|
Инфрақұрылымы
Округ орталығында 1 мектеп, 1 фельдшер-акушерлік пункт, мәдениет үйі, пошта бөлімшесі, кітапхана. Академик Кәрім Мыңбаев Бетпақдала тәжірибе станциясының негізін қалап еңбек еткен округ орталығы Қызылтауда Кәрім Мыңбаевтың гранит тастан қажалған ескерткіші бар. Округ аумағында ауыл орталығының оңтүстігінде ақжолтай Ағыбай батырдың кесенесі орналасқан. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Ақадыр темір жол станциясы 78 шақырым жерде.[3]
Дереккөздер